ДЭНИЕЛ БЕЛЛ

ДЭНИЕЛ БЕЛЛ
(10 мамыр 1919ж., Нью-Йорк, АҚШ – 25 қаңтар 2011ж., Кембридж, Массачусетс, АҚШ)

— американдық философ, социолог әрі публицист, постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам теориясының негізін қалаушы, футуролог.
Дэниел Белл поляк-еврейлері иммигранттары Бенджамин Бeлоцкий және оның зайыбы Энн Капландардың ұлы еді. Беллдің дүниеге келгеннен кейінгі ең алғашқы тілі – идиш болатын. 1959–1969 жылдары – Колумбия университетінде социологиядан сабақ берді.
1960 жылы – Колумбия университетінде философия докторы деген ғылыми атаққа қол жеткізді.
1969 –1990 жылдары – Гарвард университетінде социологиядан сабақ берді. 1999 жылы – гуманизмі үшін Алексис де Токвилдің арнайы Сыйлығына ие болды.
Өзі қалыптастырған «постиндустриалдық қоғам» концепциясының арқасында Белл батыстағы әлеуметтік болжамның жетекші өкіліне айналды және Америка Құрама Штаттарының интеллектуалдық өмірі мен қоғамдық пікірінде үлкен беделге ие болды. Қазіргі капиталистік қоғамдағы дағдарыстық құбылыстарды ол капиталистік экономиканың «рационалдық» принциптері мен гуманистік бағыттағы мәдениеттің арасындағы ажыратушылықпен түсіндіріледі.

Философиялық шығармалары:

«Идеологияның ақыры» (1960), «Келе жатқан постиндустриалдық қоғам» (1973), «Капитализмнің мәдени қайшылықтары» (1976) және т.б.

Философиялық көзқарастары:

Бірде ол өзін «экономикадағы социалист, саясаттағы либерал және мәдениеттегі консерватор» деп жазды. Дэниел Белл батыстық мәдениеттің дағдарысы туралы «діни орталықтық» ұстанымды дамытады және дағдарыстан шығудың бір жолы ретінде діни тұрғыда жаңғыруды ұсынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *