ДЖОН ДЬЮИ

ДЖОН ДЬЮИ
(20 қазан 1859ж, Бёрлингтон, Вермонт штаты – 1 маусым 1952ж, Нью-Йорк)

— американың ең атақты философы әрі атақты педагогы, прагматизм деп аталатын ірі философиялық бағыттың өкілі, инструменталист.
Прагматизм – абстракті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субьектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты практикалық салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылады.
Прагматизмнің негізін алғашқы прагматизм өкілдері, американ философтары – Чарлз Сандерс Пирс (1839-1914) пен Уильям Джемс (1842-1910) салды. Соңғы прагматизм өкілдері – Джордж Герберт Мид (1863-1931) пен Джон Дьюи болып саналады.

Философиялық шығармалары:

Ол 30-дан аса кітап пен 900-дей ғылыми мақалалардың авторы.

Философиялық көзқарастары:

Д.Дьюи – инструменталист. Интеллект – біздің жүріс-тұрысымыз, мінез-құлықтарымызды реттеу құралы, ал таным – адамға қарсы тұрған ортаға бейімделу құралы. Дьюи теория немесе гипотезаның ақиқаттылығының критерийі, өлшемі – тәжірибиедегі берілген жағдайлардың практикалық тиімділігі деп ұғынды. Әдептілік, моральдік өлшемі – практикалық мақсаттылық.

Философиялық ерекшеліктері:

 Философиялық бағыты жағынан ол эмперист болды;
 Философияның негізгі мәселесі, ұғымы – тәжірибие ұғымы болуы керек;
 Тәжірибиені жүзеге асырушы – сана болып табылады;
 Тәжірибие сезімдік, асқан сезімдік (спириттік, рухани), діни, моральдік, көркемдік, әлеуметтік, мәдени және т.б. болып бөлінеді;
 Философияның мақсаты – тәжірибие ағымында адамның алдына қойған мақсатына жетуіне көмектесу;
 Тәжірибиені жетілдіру шарты – қоғамның өзін жетілдіру, яғни әлеуметтік реконструкция болып табылады;
 Тәжірибиені жетілдіру жолы – тәжірибиеге «жоғары технологиялық» терең ғылыми әдістерді қолдану;
 Тәжірибиені реконструкциялаудың үшінші маңызды жолы – ойлауды жетілдіру (ғылыми әдістер негізінде);
 Ғылыми әдіс – адамның мақсатына жету үшін, табысты іс-әрекет, қызметі үшін таптырмайтын құрал (инструмент);
 Әдістің нақты әсер ету тетігін ізденісте Д.Дьюи проблематикалық жағдайлар туралы ілімді енгізді;
 Әдістің (методтың) қажеттілігі актуалдық (шындықтағы) күмәнданудың бар болуынан туындайды;
 Проблематикалық жағдайды шешу көбінесе альтернативаны таңдауға байланысты;
 Ғылыми әдіс дегеніміз – роблематикалық жағдайды шешілетін жағдайға айналдырудың нақты қадамдары болып табылады;

Философиялық афоризмдері:

 Елеулі болуға ұмтылу – адамзат баласының қозғаушы күші.
***
 Адамдарда құлшыну туғызуды өз бойымдағы ең басты қасиет дер едімжәне адам бойындағы жақсы нәрсені дамытудың ең дұрыс тәсілі – оның құндылығын мойындау мен көтермелеу деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *