ДЕНИ ДИДРО

ДЕНИ ДИДРО
(5 қазан, 1713ж, Лангр – 31 шілде, 1784ж, Париж)

— француз жазушысы, ағартушы-философ (материалист) және драматург, Атақты 25-томдық француздың «Ғылым, өнер және кәсіп Энциклопедиясының» бас редакторы.
1773-1774 жылдар аралығында Ресейге келіп, мұнда ол Ресей Ғылым академиясына толық мүше болып сайланды. Онда Ресейдің ғылым, мәдениет, право саласын сынады.

Философиялық шығармалары:

«Жиен Рамо», «Табиғатты түсіндіру туралы ойлар» (1754), «Соқырлар туралы көзі көретіндерге өсиет хат», «Даламбер мен Дидро әңгімесі» (1769), «Философиялық принциптер», «Материя және қозғалыс туралы» т.б.

Философиялық көзқарастары:

Дүниенің барлық негізі материяда деп білді Дидро. Дуалистік пікірді сынай келіп, ол жан мен дене бірлікте деп қарады. Дүниеде мәңгі қозғалыста болатын материядан басқа ешнәрсе жоқ. Уақыт пен кеңістік – деп жазды Дидро, — материяның өмір сүруінің объективтік формасы. «Мен тіпті абстракция ретінде де уақыт пен кеңістікті өмір сүруден бөліп ала алмаймын. Олай болса бұл екі қасиет өмір сүруге тән, мәнді». Қозғалыс материядан бөлінбейді, олай болса материя әлсіз, дәрменсіз деген ұғымға философ келіспейтінін айтты. Материя мен қозғалыс жайлы философиялық ойларын да ол «Қозғалыс – ұзындық, енділік, тереңдік сияқты нақты қасиет», -деп жазды. Осыдан келіп, дүниеде абсолюттік тыныштық болмайтынын айтты.
«Даламбер мен Дидро әңгімесі» деген еңбегінде дүниенің сан түрлерін, сондай-ақ олардың бір-біріне ауысатынын (транформация идеясы) дәлелдеді. Таным теориясына келетін болсақ, Дидро материалистік сенсуализмді қолдады. «Біз сезімдік, еститін қасиетпен жабдықталған аспапсыз», — деген пікірді айтты Д.Дидро. Сондай-ақ ол субъективтік идеализмді сынап, оны жақтаушыларды ой соқырлары деп есептеді. Қоғамдық саладағы ой-пікірі негізделді. Қоғамдағы қалыптасқан мінез-құлық шығарылған заң мен басқару түріне байланысты, деді. Сондықтан Дидро «жақсы» заңдар, «саналы» басқару әдісін орнатуға шақырды.

Философиялық афоризмдері:

 Неғұрлым көбірек жұрттың бақытты болуына септігін тигізген адам ғана ең бақытты адам.
***
 Ғұмыр қысқарған сайын күн ұзара береді.
***
 Істемек нәрсеңді алдын-ала білу батылдық беріп, жеңілдік келтіреді.
***
 Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік.
***
 Табиғат кейде нәрсіз, ал өнер ешқашан нәрсіз болмауы тиіс.
***
 Дұрыс талғам, жақсы ниетсіз мүмкін емес.
***
 Бал жасай алмасаң, бал шырынын жинағаныңнан не пайда.
***
 Адал адам, ақылды адам дүниеден ерте өтуі мүмкін, тек надандар мен қатыгездер ғана дер кезінде өледі.
***
 Асқазан шұрылдап жатқанда ар мен ұяттың дауысы естілмейді.
***
 Ақшаға құмарлық алдымен нағыз таланттардың, отаншылдық пен жақсылықтың түбіне жетеді.
***
 Аюды би билеуге үйретуге болады, бірақ би билеп жүрген аюдан бақытсыз аң жоқ.
***
 Тек үлкен құштарлықтар ғана адам жанын ұлы істерге жігерлендіре алады. Оларсыз адамгершілік өмірде де, шығармашылықта да мән қалмас еді.
***
 Бақыт құсын қуыңыз, бірақ оны ешқашан қолыңызға қондырмаңыз, әйтпесе сіз оның өз тілегіңізге сәйкес келмейтініне көзіңіз жеткен соң, зерігудің құрбаны болуыңыз мүмкін.
***
 Ақылды адамға ақымақтың кейпін қабылдау қаншалықты қиын болмайтыны сияқты, ақымақтықты ақылдылықтың бейнесіне жасыру соншалықты жеңіл.
***
 Заттың қандай болу керектігін білу ақылды адамды сипаттайды; заттың іс жүзінде қандай екенін білу тәжірибиелі адамды көрсетеді; оларды қалай жақсыға өзгертуді білу данышпан адамды білдіреді.
***
 Тирандыққа, азғындыққа, құлдық ұрушылыққа және қайырымдылықтың қауқарсыздығына қарамастан, барлық жерде өзінің принциптеріне сәйкес өмір сүріп, дүниеден өтетін ізгі адамдар табылады. Бірақ, мойындау керек, олар сирек кездеседі.
***
 Адал, ақылды адамдар тым ерте дүние салуы мүмкін, ал ақымақ, зұлымдарға келсек, олар әрқашан өз уақытында өледі.
***
 Адамдар жарамсақ өтірікті шелектеп ішіп, өздеріне ұнамсыз шындықты тамшылап қабылдайды.
***
 Тілек – ерліктен туады дейді, бірақ дұрысы керісінше, ерік – тілектен туындайды.
***
 Есте сақтау қабілеті күшті адамдарда үлкен ақыл болмайды.
***
 Мен әркімге өзінше ойлануға еркіндік беремін; бастысы менің өзімше ойлануыма мұрсат берсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *