ДАЙСЭЦУ (ТЭЙТАРО) СУДЗУКИ

ДАЙСЭЦУ (ТЭЙТАРО) СУДЗУКИ
(8 қазан, 1870ж. Исикава жанындағы Канадзава қаласы, Жапония – 12 шілде, 1966ж. Жапония) — қазіргі заманғы жапон философтарының бірі.

Шығармалары:

«Дзэн-буддизмнің негіздері» деген еңбегінде ең негізгі мәселе – философия мен дзэннің қарым-қатынасы мәселесі жөнінде айтылады.
1892 жылы Токио университетінің филология факультетін тамамдады. Жас шағында Энгаку-дзидегі Риндзай-сю, үлкен Камакура ғибадатханасындағы дзендік мектептің оқушысы болды. 1909-1920 жылдары білім алғаннан кейін Гакусюин Университетінде және Токиодағы императорлық университетте сабақ берді. 1921 жылдан кейін 20 жылдай Отани университетінде дәріс оқыды, сонда профессорлық ғылыми дәрежесін алды. 1936 жылы оқытушы ретінде әрі тәжірибие алмасу мақсатында Ұлыбританияда болып, сондаю, буддизм туралы дәріс оқыды. Көп жылдары АҚШ-та және Европада болды, буддизм жөнінде Колумбия, Гарвард және т.б. да көптеген университеттер мен колледждерде дәріс сабақтарын жүргізді.

Философиялық көзқарастары:

Негізінен ол буддизм махаянасын зерттеді. Шығыс мәдениетінің құбылыстарына, адаптация проблемасына басты назар аударды. Философияға және мәдениеттануға қызығушылықтың орталығы Чань-буддизм мектебі болып табылады. Чань-буддизмнің «жасырын» санасын ашып, батыс дәстүріне түсінікті етуге тырысты. Судзуки чань-буддизм текстеріне түсіндірме жасап, бір жүйеге келтіруге тырысқан болатын. Оның пікірінше, Чань-буддизм адам мен қоғамға міндетті түрде ортамен өзара байланыс, динамикалық процесс ретінде қажет. «Чань, — дейді ол, — әрқайсымызға «өмірдің суретшісі» болуға мүмкіндік береді. Егер кімде-кім дзэнді күнделікті өмірде сезінбесе, мәнін дұрыс ұқпаса, онда оның ілімі түсініксіз және құпиялық мағынаға ие болады».
Сонымен, дзэн ілімі абсолютті абсурд және мағынасыз немесе оның ішкі шындығын жасыру мағынасында өте шиеленісіп кеткен. Дегенмен, дзэн ілімі, қолдаушылардың айтуларына қарағанда, мұның парадокстары арнайы жасырылмаған. Бұл парадокстар мына себептен пайда болды: адам тілі тереңде жатқан шындықты ұғыну барысында әлсіздеу болды, шындық затқа айнала алмады. Адамдар өздерінің ішкі қайғыруларына нақты бір айқын ұғымды қолдана алмайды. «көмір қара» – бұл өзінен өзі түсінікті, бірақ дзэн бұған қарсы шығады. «Көмір қара емес» – бұл да түсінікті. Мұны түсінуіміз үшін, сұрақтың мәніне дұрыс үңіле білуіміз керек. Осымен байланысты дзэндегі жеке тәжірбие «барлығы» болып табылады. Жеке тәжірбие жоқ болғандықтан, кез-келген идея бізге түсініксіздеу болуы мүмкін. Жас нәрестеде ешқандай айқын идея жоқ, ол егер болған жағдайдың өзінде де, шындықпен үйлеспей, түсініксіз болады. Сондықтан заттарды толығымен және айқын тану үшін жеке тәжірбие керек деп қорытындылауға болады. Өмір жайлы мәселе қозғағанда, онда жеке тәжірбие міндетті түрде қажет. Мұндай тәжірбиесіз, оның мәнінсіз заттар, ұғымдар ешқашан дұрыс бола алмайды. «Дзэн-буддизмнің негіздері» деген еңбегінде ең негізгі мәселе-философия мен дзэннің қарым-қатынасы. Дзэн деген ілім – бүкіл Шығыс философиясының жиынтығы. Дзэн біздің қарапайым ұғымдағы философия емес. Дзэн – мистицизмнің ерекше бір түрі. Мистика – деген тыныштық, ұстамдылық (невозмутимость). Дзэн дегеніміз – мистицизмнің мағынасы. Дзэнді түсінбей мистицизмді түсінбейміз. Дзэннің мәні – адамның ішкі күйіне ешбір делдалсыз, тікелей араласу. Батыс адамы дүниемен тікелей қатынас жасамайды, табиғатпен тікелей араласпайды. Өздерінің сыртқы қасиеттеріне көп мән береді. Шығыста адам мен табиғат бір-бірімен тікелей қатынаста болады.
Дзэн және буддизм екеуі бір-бірімен қарым-қатынаста. Бірінші, дзэн діндер философиясының рухы болып табылады. Екінші, буддизм – дзэннің бір көрінісі, Дзэнде барлық рухтың негізі жатыр. Яғни буддизмнің бір өрнегі болып табылады. Будданың барлық айтқан сөздері абстракция болып табылады. Дзэн нақты болу керек. Нақты болу үшін не істеуіміз керек? Ол үшін буддизмнің рухы, метафизикалық жоғарылықтан өмірдің практикалық негізіне жеткізуіміз керек. Дзэн қандай да бір болмасын догматикадан, стереотиптен алыс. Дзэн – барлық философияның кристаллизациясы.
Дзэннің негізгі идеясы сыртқы процестер мен контактісіне кірумен байланысты, яғни тікелей түрде іске асыруы тиіс. Дзэн өзінің рухани күйін буддизмнен бөлмейді, бірақ ол барлық діндер мен философияның рухы болып табылады. Дзэнді аяғына дейін танып-білсең, онда табиғаттағы абсолютті үйлесімділікті тани түсесін. Дзэн-буддизмнің мәні – өмірге жаңа көзқараспен қарауға үйретеді.

Философиялық афоризмдері:

 Ат үстінде, төсекте және түзге шыққанда бәрінен жақсы ойланасың (жапон мәтелі).
***
 Көзжұмбай берілуден опасыздыққа дейін бір-ақ елі (жапон мәтелі).
***
 Басты назарды жұмысқа емес, қызметкерге аударыңыз! (жапон ұраны).
***
 Шыдамдылық – өмір бойына берілетін қазына (жапон мақалы).
***
 Егер сен жолыңда кедергіге кездеспесең, онда сен қалыптасқан жоқсың. Оны алтынға сатып ал (жапон даналығы).
***
 Адамның мінезін оның қан тобы бойынша анықтау:
1-жақсы достар;
2-максималистер, стресс жағдайында жиі болады;
3-өктем және шығармашыл адамдар;
4-ойшылдар; (жапон психологтарының көз жеткізген пікірлері).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *