ГЕНРИХ РИККЕРТ

ГЕНРИХ РИККЕРТ
(25 мамыр 1863ж, Данциг, Пруссия, Герман империясы – 25 шілде 1936ж, Гейдельберг, Үшінші рейх)

— неміс арасынан шыққан философ, атақты неокантиандық баден мектебінің негізін қалаушылардың бірі.

Философиялық шығармалары:

«Табиғат туралы ғылым және мәдениет ғылымы туралы» (1910), «Тарих философиясы» (1905) деп аталатын екі еңбегімен танымал тұлға.

Философиялық көзқарастары:

Г.Риккерт «Табиғат туралы ғылымдар және мәдениет туралы ғылымдар» деген еңбегінде – біз эмпирикалық ғылыми қызметтің екі түрін абстрактты ажырата аламыз. Оның бір жағында табиғат туралы ғылымдар немесе жаратылыстану тұрады. Оның мақсаты – жалпы абстрактты қатынастарды, мүмкіндігінше заңдарды зерттеу. Бұл – генерализациялаушы (топтап қорыту) әдісі (методы).
Оның басқа жағында мәдениет туралы тарихи ғылымдар тұрады. Аталған ғылымдар әмбебаптық мәдени құндылықтарға жатқызылатын обьекттерді зерттейді. Тарихи ғылым ретінде олар өзінің ерекшелігі мен даралығында алынған өздерінің жеке дамуын бейнелейді. Бұл – дараландыратын (индивидизациялаушы) әдіс (метод).

Негізгі идеялары:

Таным процесінде нәрсе «трансценденталдық міндеттену» ретінде көрініс табады және «мойындауды талап ететін трансценденталдық ережелер мен нормалар» түріне енеді;
Құндылық өзін дүниеде обьективтік мән-мағына ретінде көрсетеді. Риккерттің онтологиялық концепциясы, болмыстың төрт сферасы:
— Сезімдік қабылданатын кеңістік – уақыттық дүние;
— «интеллигибельдік болмыс» сферасы – құндылықтар мен мән-мағыналық құрылымдар дүниесі;
— Обьективтендірмейтін субьективтік сферасы – құндылық пен мәнділікті біріктіру;
— «о дүниелік» болмыстың діни сенімі,
Осылайша, Г.Риккерт құндылықтардың «субьектіден тыс» және «болмыстан тыс» сипатын атап көрсетті. Сондай-ақ, ол тарихи ғылымдар пәні деп тәжірибиенің ерекше сферасы ретіндегі мәдениетті бөліп қарастырды, мұнда жеке құбылыстар құндылықтармен іспеттес. Риккерт құндылықтың алты негізгі категорияларын қарастырды: ақиқат, сұлулық, тұлғасыз әулиелік, әдептілік, бақыт және жеке (тұлғалық) әулиелік.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *