ГАБРИЭЛЬ БОННО ДЕ МАБЛИ

ГАБРИЭЛЬ БОННО ДЕ МАБЛИ
(14 наурыз1709ж, Гренобль – 2 сәуір 1785ж, Париж)

— аббат, философ, жазушы, тарихшы, француз ағартушысы және әлеуметтік-утопистік бағыттың көрнекті өкілі. Мабли Кондильяктің ағасы және Д’Аламбердің туысы болып келеді.

Философиялық шығармалары:

«Публичное право Европы» (1748), «О правах и обязанностях гражданина» (1758, опубл. 1789), «Беседы Фокиона об отношении морали к политике» (1763), «Сомнения, предложенные философам-экономистам о естественном и необходимом порядке политических обществ» (1768), «О законодательстве, или принципы законов» (1776), «Принципах дипломатии» (1757), «Об изучении истории» (1783), «О действии и влиянии страстей в обществе», «О политических болезнях и о врачевании их» және т.б. халықаралық құқық, әлеуметтік-саяси, тарихи еңбектердің авторы.

Негізгі ұстанған идеялары:

 Материализмді де, деизмді де қабылдамады;
 Материалистер, атеистер, деистер қоршаған дүние мен адамға жалаң, механикалық көзқараспен қарайды, ал мораль, рухани дүниеге көңіл бөлмейді;
 Декарттың дуалистік метафизикасын қолдады;

Әлеуметтік-саяси көзқарастары:

 Адам табиғатының өзі оның бірігуіне, қоғамда өмір сүруіне жетелейді;
 Философияның басты міндеті мораль мен әдептілікті зерделеу, осы мақсатта мемлекет қолдайтын дін де қызмет етуі тиіс;
 Алғашқы қауымдық құрылысты адамзаттың «алтын ғасыры» деп санады;
 «адамзаттың алтын ғасыры», алғашқы қауымдық коммунизмнің жойылуы және қоғамдағы бақытсыздық пен қайшылықтың себебі жеке меншік пен адамдардың тапқа бөлінуі болды;
 Бірақ іс жүзінде коммунизм орнамайды, өйткені адам табиғаты солай, ол байи берсем, ала берсем дейді, сондықтан жеке меншік, тапқа бөлінушілік мәңгі, адам өзінің сорлылығынан биік көтеріле алмайды;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *