ВЛАДИМИР ИЛЬИЧ УЛЬЯНОВ ЛЕНИН

ВЛАДИМИР ИЛЬИЧ УЛЬЯНОВ ЛЕНИ
(22 сәуір, 1870ж. – 21 қаңтар, 1924ж.)

— көрнекті ресейлік төңкерісшіл, шешен-оратор, философ, марксист, ленинизмнің негізін қалаушы, большевиктер партиясы көкейтесті құрылтайшылардың бірі, РСФСР мен ССРО орнатушысы, Совет Үкіметін басқарушысы (1917ж. қарашаның 8 (е.м. қазанның 26) бастап РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, 1922 желтоқсанның 30 бастап ССРО Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы).

Қоғамдық-саяси көзқарастары:

Ол капитализмге өту диалектикасын аша келіп, Ресейдің нақты жағдайларына сәйкес пролетариаттың тап күресінің бес түрін атап көрсетті: буржуазиялық қарсылығын басу, азамат соғысы, ұсақ буржуазияны бейтараптандыру, буржуазиялық мамандары пайдалану және жаңа адамдар тәрбиелеу.
Социализм таптарды жояды дей келіп, Ленин тап жөніндегі өзінің тұжырымдамасын жасады. Барлық таптық, антагонистік қоғамдарда Маркс пен Ленин ілімі бойынша қандай бір іс болса да ол мәселе таптық көзқарас тұрғысынан, езілген таптар мүддесі тұрғысынан шешілуге тиіс болды.
Ол принцип Совет Одағы тарихында кең орын алды. Еңбекке, саясатта, тұрмыста, мәдениетте – бәрінде де кімнің мүддесін қорғайтынына: еңбекшілер мүддесі үшін болса, оған бір баға, ал үстем тап мүддесін қорғайтын болса, басқа баға беріліп, өзгеше қорытынды жасалды. Кезінде бұл принцип дұрыс болғанымен, кейін өз кемшіліктері де орын алды. Көп жағдайда мәселелер күрт, метафизикалық әдіспен шешілді.
Қорытып айтқанда, В.И.Лениннің философияға қосқан үлесі: империализмге берген анықтамасы, лениндік социалистік революция теориясы – таптарға берген анықтама, пролетариат диктатурасына берілген анықтама – саясат пен экономика диалектикасы, т.б. Осы мәселелердің қайсысында болса да, Ленин марксизмді дамытты. Бұл теория тұрғысынан алып қарағанда, мақсат оны – догматизм мен схоластикадан тазартып сақтап, марксизмді шынайы творчестволықпен дамыту, өмірде, практикада шеберлікпен қолдану.
Жалпы, «Марксизм–ленинизм бұл – ғылым емес, тек – идеология» (Т.Ойзерман) деген пікір де бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *