БХАГВАН ШРИ РАДЖНИШ (ОШО), ЧАНДРА МОХАН РАДЖНИШ

БХАГВАН ШРИ РАДЖНИШ (ОШО), ЧАНДРА МОХАН РАДЖНИШ
(11 желтоқсан, 1931ж. Кучвада деп аталатын шағын деревняда (Мадхья-Прадеш штаты, орталық Үндістан) – 19 қаңтар, 1990ж. Пуна,Үндістан)

— XX-ғасырдағы ұлы үнді ойшылы.
Ол адамның бақытты, азат өмір сүруін аңсап, надандықпен, соқыр наныммен, қоғамның жалған құндылықтарымен, бюрократтық мемлекетпен, бюрократтанған шіркеу билігімен (клерикализммен), отбасылық тәртіптің руханисыздығымен күресті мақсат тұтатын ілімін дәріптеген. Ол медитацияның музыкамен, қозғалыспен, тыныстаумен байланысты көптеген жаңа жүйелерін жасаған.

Философиялық шығармалары:

Ошо кітап жазбаған, ол ілімін нақты аудиторияға немесе, тіпті, нақты адамға қаратып, әңгіме арқылы жеткізген. Материалды контекстілік түрде жеткізген кезде, оның бір бөлігі әрқашан жаңаша берілетініне таңдануға болмайды, сондықтан кейбір әңгімелер бұрын айтылған нәрседен өзгешеленуі мүмкін. 1969-1989 жылдар аралығында Ошомен болған әңгімелерді оның ізбасарлары жүздеген кітап түрінде басып шығарды.
Ошо әлемнің көптеген елдерінде ашырамдарды ашқан. АҚШ-та болған кезінде Раджнишпурам деген қаланың негізін салған.
Раджниш 1931 жылы 11 желтоқсанда мата сататын саудагердің джайналық отбасында дүниеге келген. Жеті жасқа дейін ол нағашы ата-әжесінің тәрбиесінде болады.
Ошоның айтуынша, ол 1953 жылы 21 наурызда Бханвартал (Джабалпур) саябағында медитация жасап отырғанда, рухани нұрға бөленеді.
«Бұл жарылыс сияқты нәрсе. Сол түні менің ішімде қуыс пайда болды, кейін ол қайтадан толды. Мен тіршілікті тоқтатып, болмысқа айналдым. Сол түні мен өліп, қайта тірілдім. Бірақ жаңа туған адам, өлген адамнан мүлде өзгеше болатын. Олардың араларында ешқандай байланыс жоқ. Менің түрім өзгермеді, бірақ қазіргі және бұрынғы «мен» арасында ешқандай ортақ нәрсе қалмады. Апат болған адам, соңына дейін апат болады, одан ешнәрсе қалмайды».
Ошо 1957 жылы Саугар университетін ерекше дипломмен бітіріп, философия ғылымының магистрі деген дәреже алады. Ошо әуелде Райпур санскрит колледжінде философиядан дәріс оқиды, кейін 1966 жылы Джабалпур университетінде философия профессоры атағын алады. 60-шы жылдары ол Ачарья Раджниш (Раджниш ұстаз) деген есіммен Үндістанды аралайды, оның шығыстың әйгілі мистиктері туралы дәрістері мыңдаған аудиторияны жинайды. 1962 жылы ол 3-10 күндік медитациялық лагерьлерді ұйымдастырады. 1966 жылы ол университеттегі оқыту қызметін тастап, уақытын Үндістанның барлық жерлерінен келетін рухани ізденушілерге арнайды.

Философиялық көзқарастары:

Шри Раджништің адамның шынайы табиғаты мен оны қарастыру тәсілдеріне қатысты көзқарасын баяндағанда сақтық пен саналылық қажет:
«Мен сендерді үйрету үшін емес, ояту үшін келдім».
Бхагаван Шри Раджништің халықаралық коммунасы өзінің өміршеңдігін Үндістанда да, одан тыс жерлерде де дәлелдеп берді. Ошоның ашрамдары – діни ашкетизм мен оқшауланудың орталықтары емес, тәжірибелік медитацияның, шығармашылық пен жасампаздықтың нағыз мектептері. Өйткені Ошо айтатын саньяса – өмірді жаншудың немесе жоққа шығарудың жолы емес, оны жаппай қабылдаудың, барлық мүмкін деген көріністердің толыққанды жолы.

Философиялық афоризмі:

 Менің саньясам – дәстүрлі саньяса емес. Бұл мүлде жаңа ұғым – немесе мүлде ұмытылған тұтас ескілік. Сіздер оны қалай атасаңыздар да жарасады; ол бір мезетте жаңа әрі көне.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *