Белоктар, Аминқышқылдары

Белоктар, Аминқышқылдары.
Мақсаты: белоктарды қалай коагуляциялауға болатындыған және оларға түсті сапалық реакцияларды жүргізу арқылы пептидтік байланыстар мен ароматты ядросы бар амин қышқылдарын эксперименттік әдіспен анықтауды игеру . Белок құрамында күкіртті амин қышқылдарын аша білуге үйрету.
Жабдықтар: жұмыртқа белогы, 5% , 10% , HNO3 (k), (k), этанол, желатин, фенол, формалин, спиртовка, пробиркалар, пробирка ұстағыш, 1% .

№ 1. Белоктардың (ақуыздың) коагуляциясы.
А. Желатиннің коллоидты ерітіндісін спиртпен коагуляциялау.
Пробиркаға 2 тамшы желатиннің коллоидты ерітіндісін құйып, оған бір
тамшы этил спиртін қосу.
1. Бақылағанды суреттеп айт. Құбылысты түсіндір.
2. Коагуляция деген не?

Ә. Жұмыртқа белогының коагуляциясы.
Төрт пробиркаға 5 тамшыдан тауық жұмыртқасының судағы коллоидты ерітіндісінен құю. Оның біріншісіне бір тамшы мыс (ІІ) сульфаты, екіншісіне — бір тамшы фенол ерітіндісі, үшіншісіне — бір тамшы формалиннен қос, төртіншісін қайнат.
3. Нәтижелердің ұқсастығы неде?
Белокты коагуляциялаушылар себептері жөнінде қорытынды жаса.

№ 2. Белоктарға түсті реакциялар.
А. Биурет реакциясы.
Пробиркаға 2 тамшы белок ерітіндісін құйып, оған мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің бір тамшысы мен 4 тамшы күйдіргіш натр ерітіндісін қосып , жақсылап шайқа.
10. Ерітінді түсі қалай өзгереді?

 

Ә. Ксантопротеин реакциясы.
Пробиркаға 2 тамшы белок ерітіндісін құйып, оған концентрлі азот қышқылының бір тамшысын қосып қайнағанша қыздыру.
11. Түзілген тұнбаның түсі қандай болды?
Пробирканы штативке қойып, оған бір тамшы контрациялы аммиак ерітіндісін қос.
12. Түс қалай өзгерді?
Бақыланған өзгерістер бойынша қорытында жасаңыз.

Б. Миллон реакциясы.
Пробиркаға 4 тамшы белок ерітіндісін құйып, оған 2 тамшы қорғасынның еритін тұзын және ерітіндісін қос. Пробирканы жайлап қыздыр. Түс өзгерістерін бақыла. Қорытынды жаса.
Есіңде сақта !
1. Биурет реакциясының көмегімен белоктағы пептидтік байланыстар
анықталады.
2 Ксантопротеин реакциясымен құрамында ароматты ядролы қышқылдар
( тирозин, триптофан, фенилаланин) бар белоктар ашылады, ароматты ядро концентрлі азот қышқылынан нитрленеді, аммиак қосқанда құрамында хинонды сақинасы бар нитрон қышқылы түзілуінен қызғылт түс түзіледі.
3. Миллон реакциясының көмегімен құрамында күкірт болатын амин қышқылдары бар белоктар ашылады. Қорғасын ионымен белок құрамындағы күкірт қара түсті тұнба береді.
№3. Нингидринмен реакция.
Пробиркаға 5 тамшы 1%-тік нингидринді қосып қайнатқанда, 2-3 минуттан кейін көк түсті ертінді түзіледі. Бұл α-амин қышқылдарының сапалық реакциясы.
(П.А.Верболович, 200)


Жаттығулар:
1. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз : метан → А →сірке альдегиді → Б→В →аминосірке қышқылы. Мұндағы А,Б және В заттарын ата.

2. Неге аминосірке қышқылынан өзгеше көкшілік амин қышқылдары индикатор бойынша бейтарап (нейтрал) реакция ортасын көрсетпейді?

3. Белоктарды неліктен полимерлерге жатқызады? Өзге полимерден белоктың құрылысы бойынша ұқсастығы мен өзгешелігі неде (полиэтилен, крахмалмен салыстыру)?

4. Адам ағзасында белоктар қандай қызмет атқарады ?

5. Келесі реакция теңдеулерін жаз:
а) α – аминомай қышқылы және калий гидроксиді;
ә) аминосірке және тұз қышқылы.
б) β — аминопропион қышқылы және метанол.

6. Құрамы болатын амин қышқылының барлық изомерлерінің құрылыс формулаларын құрып, ата.

7. Белок гидролизінде қандай өнімдер түзіледі. Гидролиз сызбасын келтір.

8. Белок денатурациясы деген не? Оның мәні неде? Қандай факторлардан денатурация болады?

9. Алмастырылмайтын қандай амин қышқылдарын білесің? Олардың құрылым формулаларын жаз. Адам ағзасы үшін олардың маңызы неде?

10. Нуклеин қышқылдары деген не? Олардың белоктардан айрмашылығы неде?

Есептер
№ 1. 147,6 г нитробензолды тотықсыздандыру арқылы 96 г анилин алынды. Реакция өнімінің шығымын (%) есепте.
Жауабы: 80%.

№ 2. Массасы 246 г нитробензолды тотықсыздандырып қандай масса анилин алуға болады , егер анилиннің массалық үлесінің шығымы 0,9 болса?
Жауабы: 0,91 немесе 91%.

№ 3. Массасы 150 г аминосірке қышқылы массалық үлесі 30 % , құрамында 30 г болатын ерітіндімен әрекеттескенде қандай масса тұз түзіледі?
Жауабы: 58,2 г.

№ 4. Көміртегі, сутегі, оттегі және азоттың массалық үлесі 32; 6,66; 42,67 және 18,67 % болатын амин қышқылының молекулалық формуласын анықта. Осы амин қышқылының құрылыс формуласын жазып, ата.
Жауабы: .

№ 5. Көлемі 25 л метиламинді жағуға қандай көлем ауа жұмсалады, егер оның құрамында 4% жанбайтын қоспа болса. Ауаның құрамындағы оттегінің көлемдік үлесі 21 % құрайды.
Жауабы: 257 л .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *