АҒЫН ХАЙРОЛЛАҰЛЫ ҚАСЫМЖАНОВ

АҒЫН ХАЙРОЛЛАҰЛЫ ҚАСЫМЖАНОВ
(19 қазан, 1931ж. – 2 қараша, 2000ж.)

— диалектикалық логиканың өзекті мәселелерімен айналысты, ол ғылымға «Ұлы Дала өркениеті» деген ұғымды енгізді, Әл-Фарабидің рухани мұрасын зерттеді.

Философиялық шығармалары:

«Диалектика, логика және таным теориясының сәйкестенуі проблемасы» (1962), «Диалектиканың заңдары мен категориялары» (1966), «Мәдениет тарихындағы Әл-Фараби» (1975), «Әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастары» (1997), «Ұлы дәстүрлердің кеңістігі мен уақыты» (2000) және т.б.

Философияның басты міндеті өзінің мәселесін жетілдіруден ауытқып кете алмайды және нақты ғылымдарды ауыстыруы тиіс емес. Сол себепті де философия – адам субьективтілігінің патшалығы, бұл жерде «мен ақиқатқа иемін» деген формуланың орнына «мен ақиқатта болуға үміттенемін» формуласы тұрады.
Нақты көзқарастар жүйесі, тұлға ретіндегі философтық жеке даралығы (бұл тек қана жеке емес) әлеуметтік дамудың нәтижесі болып табылады. Бұл жеке даралық қоғамдықпен жойылып кетеді деген сөз емес. Керісінше, жеке даралықтың иегері бұқаралық санаға ғана емес, сонымен қатар билеушілердің кейбір жаңсақ идеологиясы мен саясатына шешімді түрде қарсы шыға алады.
Философия ақиқатты іздеуші ретінде өз тарапынан түсініксіз болуы мүмкін. Философия оның бағытын және өзекті мәселелерін көрсететін дәуірдің санасы ретінде болады. Қоғамның дамуы барысында оларды дүниеге алып келген тарихи шарттарды бейнелейтін жаңа ойшылдар пайда болып, жаңа элитаның көшбасшыларына айналады да, өздерінің дәуірінен тәуелсіз жаңа елес жасайды. А.Х.Қасымжановтың Гоббстың, Спинозаның, Локктың, Руссоның табиғи құқық, сана мен жақсылық патшалығы, ақиқат пен жалған теорияларына ағартушылар айтып өткен саналы эгоизм концепциясына, Канттың «мейірімді ерік», бостандық адам мәні ретіндегі ілімдеріне, адам тегі тұтастығының философиялық-антропологиялық концепцияларына, табиғаттың материалистік жүйелеріне, материяның өз-өзінен қозғалу түсінігіне, таным мен эффектілер туралы сенсуалистік ілімдерге, механизм, дамудың жалпылығы туралы ілімге, әлеуметтік прогресс және өзге де философиялық идеяларына жасағанталдауы оныңинтеллектуалдық ізденісінің негізгі бағыттарының көрінісі болып табылады.

Философиялық көзқарастары:

Философия тарихының әлеуметтік шарттылық маңызын аша отырып, оны түсінуді жеңілдетуден сақтандырады. Кейбір кезеңдерде қоғамдық ойдың дамуы әлеуметтік шарттарға, қоғамдық топтардың іс-әрекеттеріне тәуелділікті мойындау бұрын болған, кейде қазіргі уақытта да идеялардың философиясы ретінде қарастырады. Мұндай концепцияларда философиялық ілімдердің мазмұнын ғана емес, жеке философиялық категорияларды да тікелей әлеуметтік топтардың немесе тұлғаның экономикалық мүдделерінен шығаруға тырысады.
Зерттеліп отырған ой-талғамдық мәліметтің ішкі даму логикасы ерекше қозғалысты баяндайды, қоғамның жалпы тарихының шеңберінде өзінің философиялық идеяларының тарихын қамтамасыз етеді. Оның атап өткеніндей, Қайта өрлеу мәдениетіне ықпал еткен «барлығы адам үшін» деген гуманистік құндылықтар, ағартушылық мәдениетін әлемнің адам және прогресс үшін саналы түрде қайта құрылу құндылығы рухтандырады. Ежелгі қытайлық мәдениет «әрекет етпеу», «ата-баба дәстүріне адалдық», «ағыс және жел» түріндегі іс-әрекет, яғни өзін-өзі ақтай отырып, өмір желінің аясында, уақыт ағымымен табиғи түрде ғұмыр кешу құндылығының бағыттарын басшылыққа алған. Американдық мәдениет жол көрсетуші жұлдыз ретінде жеке еркіндік пен бақытты таңдайды.
Белгілі кезеңдегі субьектінің өзінің әрекеті мен философиялық көзқарастың арасындағы байланысты ашу үшін, тарихи дәуірдің жалпы және жеке ерекшеліктеріне, материалдық өмір жағдайларына рухани процестердің әсерін, сонымен қатар қоғамдық ойлардың әртүрлі бағыттарының өзара әсеріне жан-жақты және күрделі талқылау қажет.
Бұл жердегі басты әдіснамалық қағида философияның әлеуметтік қамтамасыз етілуі тарихи даму көзқарасымен және оның өзара әсер аясында қарастырылуы тиіс. Бұл жағдайда, философиялық білім жүйесінің өзі, оның түсіндіру аппаратының тиімділігі, қолданылатын логикалық және әдіснамалық құралдардың адекваттылығы оның нақты мазмұнында танымдық процестердің дамуының нақты жағдайларының әлеуметтік-тарихи жемісі ретінде көрсете алады.
Философия өзге де қоғамдық ғылымдармен қатар саясаттың ғылыми негізін, оның ішкі бағыттылығын білдіреді, алайда саясатты да, саяси теорияны да құрамайды. Нақты тұжырымдарға сүйенсек, саясат философиялық концепцияның, философиялық көзқарастың оны қоғамға және адамға таратудың арнайы әлеуметтік формасы болып табылады. Саясаттың философияға немесе философияның саясатқа тікелей тәуелділігін іздеу жөн болмайды. Саясаттың өзі белгілі бір философиялық жүзеге асуы, философия нақты саясаттың іштей идеялдық және ой-толғамдық негіздерін жинақтайды. Қоғамдық қозғалыстардың саяси бағыты философиялық негіздермен байланысты. А.Х.Қасымжанов философия мен саясаттың мәні осында депатап өтеді. Осыдан өзінен-өзі мынадай қорытынды шығады: неғұрлым философиялық концепциялар терең әрі көбірек әлеуметтік шынайылыққа сүйенетін болса, оның саяси мазмұны, бағыты айқынырақ көрінеді. Бұл жерде философияны өзінің әлеуметтік бағытын, қайсібір әлеуметтік топтың немесе субьектінің дүниетанымын, идеологиясын енжар алып пайдаланушы ретінде бейнелеуге болмайтындығы туралы айтылып отыр. Философияның саяси мазмұнын тікелей қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық шарттарынан «шығару» әрекеті және қайсібір философиялық концепцияларды әртүрлі тарихи кезеңдерде философияның дамуымен «түсіндіру» философиясының өзі мен оның тарихын жалаң социологизм мен тұрпайылыққа алып келеді.
Әлеуметтік-саяси субстрат және философия арасындағы байланыс бірнеше рет жанама түрде болады. Қоғамның өмірі және дамуы тұтастық күрделі байланыстарына талдау жасау шынайы негіздерден субьектінің іс-әрекетін құруға, қазіргі замандағы қоғамдық өмірде жаңа тенденцияларды шығаруға, Қазақ Елінің демократиялық мемлекет ретіндегі даму стратегиясын анықтауға мүмкіндік жасайды.
Дәл осындай әрекет әлеуметтік нысанаға алған нарықтық қоғам құрудың жаңа бағыттарын талдауға қолданылып, оның әрі қарай дамуының негізгі өлшемдерін анықтайды. Бұл үшін философия жаңа сұрақтарды, жаңа жағдайларды ізденуде құрал, қару ретінде пайдаланылады, мұның нәтижесінде оның өзі дамуды, нақтылауды, айқындауды бастан кешіреді.
Қазіргі заманғы философияда шынайылық субьектілердің тәжірибиесі мен білімі тұрғысынан бейнеленеді деп көрсетіледі. Бұл қағида обьект пен оның субьект саласындағы бейнесінің арасында қатаң байланыс болады деген аңғал материалистік түсінікке қарсы бағытталған. Шындығына келгенде, қоғам және оның жеке таптары және өкілдері обьект дамуының логикасымен байланыста емес, оның асқақтатылған бағасымен әрекет етеді. Алайда әлеуметтік құбылыстардың танымы, нақты көзқарастар бойынша , ұнемі обьективті емес дегенді білдірмейді. Философиялық танымның анықтаушы факторы өзімен өзі құндылықтың ыңғайы емес, практикалық іс-әрекет болып табылады. Осыдан шығатын қорытынды: бағалаудың өзінің, ең алдымен, кез-келген оқиғалық деректің немесе өзге рационалды түсіну мүмкіндігі туындайды.
А.Х.Қасымжановтың ежелгі кезеңнен бастап, ХХ-ғасырдың аяғына дейінгі қолданған ізденіс әрекетінде қазақ философиясының тарихын зерттеудің тұтас концепциясына мыналар енеді: философиялық қалыптасу процесіндегі алғашқы дүниетанымдық түсініктердің негіздерін қарастыру, бойына позитивті және иррационалдық бөлшектерді, материя, құқық, діннің бастамаларын жинақтаған, диалектика мен метафизиканың қайнар көздерін өзара жоққа шығарып, эмпирикалық білім мен сенімге жүгінетін, халықтың әлемді қабылдау формалары, халықтық фольклордегі философиялық бастау, олардың идеяларын әртүрлі қоғамдық сана формалары арқылы зерттеу, тарихи тұлғалардың, атақты тарихшы-ғалымдардың философиялық ойлары, қазақ ағартушылығының тарихын жаңаша баяндау және оның философиядан айырмашылығы, Шоқанның, Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрімнің, ХХ-ғасыр басындағы ойшылдардың рухани мұраларын талдау, ХХ-ғасырдың 30-80 жылдардағы тоталитарлық ойлаудың үстемдігі жағдайындағы қазақ философиясының дамуының өзіндік ерекшелігін зерттеу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *