Ацетилен (этин) алу

Ацетилен (этин) алу.
№ 1 пробиркаға (құрғақ болуы керек) ұсақталған кальций карбидінің бөлшегін салып, штативке сәл көлбей (тігінен) бекіту. № 2 пробиркаға 1 мл сұйытылған калий пермаганаты ерітіндісін, № 3 пробиркаға 1 мл бром немесе иод суынан, № 4 пробиркаға 1 мл күміс нитраты ерітіндісін құю.
№ 1 пробиркаға 1,5 мл дистилденген су құйып, шапшаң газ шығатын түтігі бар тығынмен тығындау. Түтікті № 2, 3, 4 пробиркалардағы ерітінділерге кезекпен батыру, өзгерістерді бақылау.
Бөлініп жатқан газды түтіктің аузында жағу, жалынның түсін бақылау.
Барлық өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытынды жаса.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *