ӘОЖ 338.48(574)
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ, ТАРИХИ — МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДЕГІ ТАНЫМДЫҚ, РУХАНИ МАҢЫЗЫ
География магистрі Исаков Е.Д., Жоя Қ.
Алматы Технологиялық Университеті, Туризм және сервистік қызмет көрсету кафедрасы, Алматы қаласы, ҚР
erlanchik-89@mail.ru
Туристік-рекреациялық ресурстар тарихи дәрежелік болғандықтан, олардың дамуы құрылуымен өзгеруімен рекреациялық сұраныстар көлемімен және рекреациялық пайдаланудың пайда болуынан келіп шығады. Табиғи мәдени және этнографиялық объектілерге туристік сұраныстың бар болуы, оларды оқып үйренудегі және бұрынғы заманда сақталынған танымдық туризмге деген туристік сұраныстар өте көп. Туризмді дамытуда аумақтың физикалық-географиялық жағдайын ғана емес, жер бедерінің сипатын, климатының маусымдық ерекшеліктерін, гидрологиялық және органикалық байлықтарын жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Тартымдылығымен көзге түсетін табиғи, тарихи-мәдени ескерткіштердің таралуы мен үйлесімділігін анықтау барысында Қазақстан туризмінің болашағы бар сала екендігін мойындауымыз керек [1].
Туризмді дамытуға әсер ететін тарихи-мәдени факторларды қарастыруда Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстарында ерекше орын алатын тарихи-мәдени ескерткіштердің қатарына қола, ерте темір, сақ-ғұн кезеңдерінің жергілікті жері мен қорғандары, ерте орта ғасырдың қалалары мен бал тастар тарих қалдырған құнды жәдігерлер жататындығы анықталды. Солардың ішінде Берел, Сарайшық, Бесшатыр т.б. зерттелмеген археологиялық орындар анықталды, танымдық туризмді дамытуға Х-ХІІ ғасырларда Қарлұқ храмы мен қағанатының астанасы болған Қойлық қаласындағы мұсылман моншасы мен мұсылман мешіті мүмкіндік береді [2].
Шығыс Қазақстанда Берел қорғанының туристік болашағы зор болса, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, Маңғыстаудағы жер асты мешіттері т.б. экономикалық-әлеуметтік нысандар өз рөлін атқармақ. Тарихи, мәдени туристік-рекреациялық ресурстардың туристік классификациядағы оның орны. Тарихи — мәдени объектілер мен кешендер алғашында туристік қызметті ұйымдастыруға қажетті жағдайларының бірі болып есептелінеді. Туристік-рекреациялық ресурстар тарихи категория болып саналады, оның дамуы туристік қызметке жаңа тарихи-мәдени сипаттағы объектілерді тарту қажеттілігінен туындайтын рекреациялық тұтыну мен рекреациялық сұранымның көлемі мен құрылымының өзгеруіне байланысты болады. Тарихи-мәдени және этнографиялық объектілерге деген туристік сұраныс, оларды оқып біліп бағалауға әсер етіп, оның неғұрлым сақталған түрлерін танымдық туризмде тиімді мақсатта пайдалануға жол ашады. Яғни, танымдық туризм-арнайы бағдарлама бойынша тарихи-мәдени мұражайлық орындарға, тамаша табиғат аясына саяхат жасау.
Туристік нарықта ықпалды мәдениет пен туризмге қатысты саладағы мемлекет саясатындағы өзгерістер, ақпараттық сұраным мен рекреациялық сұраныстың артуына қатысты пайдаланылатын объектілер көлемін арттыруға әсерін тигізеді, олардың көпшілігі қайта өнделгеннен кейін туризмнің ақпараттық кеңістігінің потенциалына айналып отырады. Қазақстан жеріндегі көшпенділік пен отырықшылық өркениетінің геосаяси, география және тарихи кеңістіктеріндегі түркі тілдес халықтардың тарихи — мәдени мұралары, ескерткіш кешендерін республикамыздың туристік-рекреациялық ресурстарына жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының «Тарихи мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жайлы» Заңының 3-бабында тарихи-мәдени мұралар қатарына қоғам мен мемлекеттің дамуындағы халықтың өткенімен тығыз байланысты археологиялық объектілер, ғимараттар, тарихи-мәдени ландшафттар, табиғаттың сирек кездесетін көрікті объектілері, материалдық және рухани мәдениет туындылары жатқызылады. Тарихи-мәдени мұралардың объектісі болып материалдық тарихи айғақтар да қосылады. Олар:
1) Қозғалмайтын, оның ішінде, — жекелеген обьектілер-архитектура, монументальдық өнер туындылары мен объектілері, археологиялық сипаттағы элементтер мен құрылымдар, көне жазулық материалдар, ғылыми және техникалық туындылар, тарихи және мемориалдық мәні бар үйлер, ғимараттар және объектілер;
Кешенді обьектілер — қала кұрылысы өнерінің туындылары (архитектуралық ансамбльдер мен кешендер, тарих қалалар мен елді мекендер, қала бөліктері, көшелер, қала құрылысы кұрылымының элементтері), бау-бақшалық, саябақтық өнер туындылары, тарихи зираттар, тарихи-археологиялық әртүрлі орындар.
2) Қозғалатын, оның ішінде, жекелеген объектілер-археологиялық мұралар, көне заман заттары, бөлшектелініп кеткен қозғалмайтын ескерткіштердің бөліктері, антропологиялық және этнологиялық материалдар, тарихи құнды заттар, кескіндеме, графика, қолданбалы қолөнердің көркем туындылары, кино және фото өнер шығармалары, сирек кездесетін қолжазбалық және баспалық құжаттар, кино-фото және видеоқұжаттар, дыбыстық жазбалар;
Кешенді объектілер — жекелеген объектілердің элементтерінің тарихи негізінде калыптасқан кешендер, қорлар мен коллекциялар, тарихи мәні бар жаратылыстану ғылыми құндылықтар кешені, қоры мен коллекциялары; материалдық емес тарихи айғақтар; адамзаттың қауымдастығы дәстүрлі, тарихи — мәдени, діни, тұрмыстық, шаруашылықтық; жергілікті сөйлеу ерекшеліктері (диалектілер) мен аз халықтардың тілі, тарихи жер атаулары болып бөлінеді [3].
Қазақстандық «туризм» жүйесінің англо-саксондық туризм моделінен айырмашылығы, оның аумағы арқылы халықаралық мәні бар, туристік рекреациялық ресурстарының тарихи — мәдени кешендері орналасқан, Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінің немесе Солтүстік Түрік бөлігі деп аталатын жол бөлгінің өтуі жатады. Қазақстан Республикасының «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» атты мемлекеттік Бағдарлама концепциясына сүйене отырып тарихи — мәдени мұралардың туристік рекреациялық ресурстарын халықаралық және республикалық маңызы бар ресурстар деп қарастырады.
Халықаралық маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың туристік-рекреациялық ресурстарына Ұлы Жібек жолы бойындағы этно-мәдени арсеналдарды, Түркістанның орталықтарындағы бірегей тарихи — тмәдени объектілер мен тарихи кешендер жиынтығын жатқызады.
Ұлы Жібек жолы мен оның тармақтарындағы орналасқан тарих, археология, этнография, архитектура, қала құрылысы мен монументтік өнер ескерткіштері ежелгі қазақ жеріндегі көшпенділік және отырықшылық, жер өндеушілік өркениеттің материалдық және рухани мәдениетінің тарихи мәдени мұраларының бірегей туристік рекреациялық кешенін құрайды.
Тұжырымдай келе, тарихи-мәдени мұралардың туристік рекреациялық ресурстарын «көшпенді»-діни-этнографиялық және «отырықшылық»-жер өңдеушілік, қала мәдениет ескерткіштері деп екіге бөлуге болады:
«Көшпенді»-діни-этнографиялық мәдениет ескерткіштеріне көшпенділік өркениетінің этно-мәдени ортасындағы тарихи ландшафттар: көшіп-қону жолдары мен бағыттары, ежелден қалыптасқан көшу маусымындағы керуен жолдардағы этно-мәдени орталықтар (аймақтар), олардың материалдық және рухани мәдениетінің іздері сақталған қоныстар;
Археологиялық ескерткіштер және оның түлері: қорымдар мен елді мекендер жатады.
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан археологиялық ескерткіштердің орналасу ерекшеліктері мен тарихи-мәдени құндылықтары негізінде туристік таным қалыптастыру және туристерге танымдық ақпарат беру арқылы рухани жақсы сезім қалдыру тиіс. Сонымен қатар аймақтық тарихи нысандарды отандық БАҚ арқылы дәріптеу, насихаттау негізінде мәдени туризмді жандандырып ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік жасау қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Сухова Л.Ф., Есайдар У.С. Кластеры как прогрессивная форма инновационного развития // Материалы международной научно-практической конференции «Национальная конкурентоспособность Казахстана: теория, практика, перспективы». – Алматы: КазНУ, 2006. – Ч. 2. – С. 177-180.
2. Рогожинский А.Е., Аубекеров Б.Ж., Сала Р. Памятники Казахстана // Памятники наскального искуства Центральной Азии// Общественные участие, менеджмент, консервация, документация. Алматы, 2004. С 45-60./
3. Марғұлан Ә.Х. Тамғалы тас сыры (Орта ғасырда тасқа жазылған қазақша таңба, ұрандар) // Қазақ тарихы. 1993, №2. 10-30 бб.