АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКА

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКА


Археологиялы іс-тәжірибенінің басты мақсаты: студенттер іс-тәжірибе барысында теориялық білімдерін нақты тәжірбиемен ұштастырады. Студенттер археологиялық зерттеулерге тікелей далалық археология барысында қатысады және археологиялық барлау мен қазба жұмыстарының әдістемелік негіздерін игереді.
Студенттер далалалық археология негізінде археологиялық деректердің негізін құрайтын архологиялық ескерткіштердің түрлерімен танысады, яғни іс-жүзінде тарихи құндылықтармен танысады және өздерінің теориялық білімдерін нақтылы мысалдар негізінде толықтыруына толық мүмкіндік алады.
Археологиялық іс-тәжірибенінің міндеттері: археологиялық қазба жұмыстарына қатысу арқылы студент тарих ғылымының басқа да салаларымен тарихи процестерді салыстыру мүмкіндігіне көңіл бөлуі тиіс:
— археологиялық барлау әдістерін жетік меңгерулері тиіс;
— археологиялық қазба жұмыстары әдістерін іс-жүзінде игерулері қажет;
— археологиялық зерттеу әдістерін жете игеру қажет;
— археологиялық ұғымдар мен түсініктерді меңгерулері қажет;
— археологиялық объектілерді дәуірнамалық кезеңдер бойынша ажырата білуі және сыртқы белгілері бойынша анықтау қасиетін меңгеру қажет;
— археологиялық ескеткіштерді түрлері бойынша ажыратуды игеруді және археологиялық мәдениеттерді негізде сипаттауды меңгеруді білу қажет;
— археологиялық практика барысында қолданыста болатын еңбек құралдарын іс-жүзінде қолдануды игеру қажет;
— археологиялық практика талаптарын нақтылы орындау қажет;
— археология ғылымының орны;
— археологиялық зерттеу тесілдерін меңгеру;
— археология «тілін» үйрену;
— археологиялық ескерткіш түрлерін ажырату;
— археология ғылымының даму жолдарының қазба жұмыстарымен тығыз байланыста болатының жете түсіну;
— археология-экология, өркениет мәселелеріне қатысты теориялық білім тәжірибелерін бекіту;
— археологиялық ескерткіштерді далалық археология барысында сипаттау және жіктеу
— ғылыми тұрғында қалпына келтіру және уақытнамалық әдістемесін анықтауды үйренуді меңгеру;
— ескерткіштердің далалық зерттеу барысында орнын анықтауды үйрену;
— далалық жазба жұмысын (күнделік пен қорытынды есеп) маңызын білу және он іс-жүзінде іске асыруигеру;
— заттардың алғашқы белгілері, сақталуы мен сандық құрылымын білу;
— түрлердің тізімін жасауда ыждағаттылқ қатеттігін ескеру;
— ескерткіштерге және заттарға зерттеу барысында белгі қоюды үйрену;
— археологиялық заттарды жіктеуді меңгеру;
— жер бетіде көріне бермейтін ескерткіштердің белгілерін анықтауды игеру;
— фотография және аэроархеология негіздерін үйрену;
— су асты археология негізін игеру;
— эксперименттік археология негізін білу;

 

 

Студентке қойылатын талптар жиынтығы:
1. Археологиялық іс-тәжірибеге қатысушы студенттер міндетті түрде дәрігерлік және қауіпсіздік ережелермен таныстығы жөінде анықтама қағаздарын экспедиция жетекшісіне тапсырулары қажет;
2. Археологиялық практикаға қажет арнаулы киім-кешек және тиісті материалдар ескерілуі қажет;
3. Археологиялық практикаға қажет бұйымдар мен заттарды және оларды тиімді пайдалануды ескеру қажет;
4. Студент-практикант археологиялық практика жетекшісі мен арнайы мекеме тарапынан қойылатын практика талаптарын қатаң орындауы қажет;
5. Студент-практикант практика барысында жетекшілер және арнайы мекеме тарапына қойылатын барлық талптарды қатан түрде ескеруі қажет;

Археологиялық практика оқу процессінің құрамдас саласын ретінде болып келетін практика басталар алдында және барысында қатаң турде ескерулі міндетті болып табылады.
Археологиялық практика қорытындысы жаңа оқу жылы басталған шақта шығарылады. Содан сәйкес тиісті қорытынды бағалау болады.
Жалпы археологиялық қорытынды есеп кешенді негізде жасалынады және ол практика жетекшісінің тікелей басшылығымен іске асырылады. Қорытынды кешенді есеп тиісті орындарға тапсырылады.
1 кезең: Ұйымдастырушылық
Іс-тәжірибе басталар алдында археологиялық экспедицияға шығатын студенттердің жалпы тізімі алынады. Практика алдында конференция өткізіледі. Студенттерге практиканың мақсаты және міндеттері, жұмыс мазмуны және көлемі мен танысады. Экспедицияға қай елді мекендерге баратыны, қалай деректерді жинау барысы жөнінде бағыт-бағдарламалар беріледі. Практика қай орында, қай елді мекенде өтетіні анықталып студенттер бөлінеді. Бақылаудық түрі және әдістері, есеп беретін қужаттарды қурастыруға және оны қорғауға қойылатын талаптар айтылады.
2 кезең: Икемдеу
Практиканың бірінші күні әкімшілік қатысуымен мекеме ұжымының өндірістік жиналысы өткізіледі. Практиканттар экспедиция жүргізетін елді мекендер мен танысады. Экспедицияның жалпы барысы, өздерінің міндеттерімен танысады.
Әр бір практикант қандай дректерді жинайды, жинау барысында кімдермен сухбаттасады және фото, видео аппараттарын даярлайды.
Практикант жұмыстары жеке дара жоспарлары белгілі бір күн тәртібіне сой ұйымдастырылады. Бірінші аптада практиканттар ғылыми, материалдық базамен, қужаттарды өңдеу әдісімен танысады. Апта соңында практикант жекедара жоспарларын жасайды (оны топ жетекшісі бекітеді). Бір апта өткен соң практикант топ жетекшісіне есеп береді.
3 кезең: Негізгі кезең
Үшінші кезеңнің мазмұны тарихи деректермен және құжаттармен жұмыс, этнографиялық материалдарды жинау және өңдеу.
1. Ғылыми турғыдан және сұрау арқылы.
2. Зерттеу кезіндегі белгілі бір халықтың әдет-ғурпын, дәстүрін бейнелейтін материалдар жинау.
3. Шежірлік материалдар жинау
4. Фольклордың материалдар жинау.
5. Көнекөз қариялармен халықтың тарихын, дәстурін, әдебиетін,мәдениетін жақсы білетін адамдармен сухбаттасу.
6. Археологиялық экспедициялардың материалдарыме танысу.
7. Суретке түсіру, таспаға жазыпалу, видеоға түсіру, схема, чертеж жасау.

 


Зерттеу жұмыстарының кезеңдері
І. Далалық археологиялық іс-тәжірибе
А) Далалық практикаға шығуға дайындық, зерттеу орнын іздеу,экспедицияға алып кететін заттарды дайындау. Практикаға өтетін жерге жету. Студенттердің күшімен далалық қос тігу, күндік кестесін белгілеу.
Ә) Археологиялық барлау Д.А. Авдусиннің (Д.А. Авдусин «Полевая археология СССР М.1980) нұсқау әдісі бойынша жүргізіліп, жағдайлық карта, суретке түсіріледі, ескерткіштерді қорғау мақсатындағы құжаттар толтырылынады.
ІІ. Камералық өңдеу
А) Тазалау, табылған заттарға реставрация жасау т.б. Жоғарыдағы ІІІ –тақырыптың тармағын және ауызша дағдыларды іс жүзінде қолдану.
Ә)Әрбір табылған затқа, олжаға құжат толтыру, оны суретке түсіру, ескеткіштердің жобасын және қималық көріністерін тушпен қатты қағазға салады.
ІІІ. Ғылыми ақпар жасау
А) зерттеу мақсаттары, ескерткішті сипаттау (топографиясы, стратиграфиясы, қимасы), мерзімін анықтау, типтеу, қазіргі әдебиеттермен салыстырып, іздестіріп, тарихи тұжырымдау.
4 кезең: Қортынды кезең
Жиналған археологиялық деректерді
— Жазба және заттай деректерді толық жинақтау және өңдеуді аяқтау.
— Есеп құжаттары мен реферат дайындайды
— Археологиялық экспедиция жөнінде кунделік
— Практиканы өткені туралы есеп
— Экспедиция жөнінде фото сүреттер, бейне және таспаға түсірілген материалдар.
— Студенттік практикасына баға қойылған топ жетекшісінің мінездемесі
Іс-тәжірибе қорытындысы
1. Есеп құжаттарды дайындауды уйымдастыру
2. Құжаттарды уақытында тапсыруды бақылап отыру.
3. Қорытынды мәжіліске қатысу.
4. Факультеттегі қорытынды конференцияға қатысу (студенттердің есеп, баяндамасы бойынша этнографиялық және археологиялық көрме ұйымдастыру)
5. Баға қою, болашақ экспедиция жөнінде талап-тілектерін айту және жоспарын дайындау
6. Есептерді тапсыру

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *