Аромат көмірсутектер

Аромат көмірсутектер
Сабақтың мақсаты: Аромат көмірсутектерінің молекула құрылысының ерекшеліктері, молекуладағы химиялық байланыстың электрондық табиғаты, оның молекула қасиетіне әсерін талдау. Аромат көмірсутектердің гомологтық қатары, олардың химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктерді жаттығулар жасап, есеп шығару арқылы тереңдету, бекіту.


Жабдықтар:
«Аромат көмірсутектердің молекулалық құрылысы» — кесте.
«Ароматтылық — қабысу» — кесте, «есептер мен жаттығулар».
Эксперименттік есепке қажетті реактивтер: бензол, толуол,
aq, aq, пробиркалар, фарфор табақшасы, сіріңке.

Жұмыс барысы:
№1. Екі пробиркаға 3 тамшыдан бензол және толуол құю. Екеуіне де екі тамшыдан KMnO4 ерітіндісінен қосып шайқап араластыру. Өзгерістерді бақылап, реакция теңдеулерімен өрнектеу, түсіндіру.
Тағы да екі пробирка алып, оларға екі тамшыдан біріне бензол, екіншісіне толуол құйып, екеуіне де бром суын қосып, шайқап араластыру. Қандай өзгеріс болды? Өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп түсіндіру.
Жұмыс қорытындысын жаса.
№2. Фарфор табақшасының біріне үш тамшы бензол, екіншісіне толуол құйып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, жанып тұрған шырпымен табақшалардағы ароматты көмірсутектерді жағу. Бақылау жасау, өзгерістерді түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыр.

Жаттығулар:
1) Бензол мен толуолдың қасиеттерін келесі жоспар бойынша салыстырмалы түрде бер: а) молекулалық формула; ә) құрылыс формуласы; б) молекуладағы байланыстардың сипаты; в) физикалық қасиеттері; г) химиялық қасиеттері

2) Пропилбензолдың құрылыс формуласын құрастыр. Осы қосылыстың гомологтары мен изомерлерінің құрылымдық формулаларын жазып, оларды ата.

3) Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:



Мұндағы Х затын атап, барлық реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңіз.

4. Бензолдың қасиеттеріндегі қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің қасиеттерімен ұқсастығы неде? Тиісті реакция теңдеулерін құраңыз.

5. Құрамы болатын және құрамына бензол сақинасы енетін барлық изомерлердің құрылымдық формуласын жазып, олардың барлығын атаңыз.
6. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын реакциялардың теңдеулерін жаз:

3,4- реакция өнімдерін атап, олардың жүру жағдайларын көрсетіңіз.

7. Толуол мысалында молекуладағы атомдардың өзара әрекетін түсіндір. Жауаптарды реакция теңдеулерімен дәлелде.

8. Толуол мен этилбензол дегидрлегенде беретін циклогексанның барлық гомологтарының формулаларын жазып, ата.

9. Бензол мен нитробензолдың қайсысы орын басу реакциясына (нитрлену) жеңіл түседі? Дәлелді жауап беріп, тиісті реакция теңдеулерін жаз.

10. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз.:


Есептер:
№ 1. 3,9 г ароматты көмірсутекті жаққанда 13,2 г көміртегі оксиді (ІҮ) және 2,7 г су түзілді . Ароматты көмірсутектің формуласын тап.
Жауабы: .

№ 2. Зат мөлшері 1 моль болатын бензол алу үшін ацетиленнің қандай массасы керек, егер реакция өнімінің шығымы 30% болса?
Жауабы: 260 г.

№ 3. Көлемі 25 л болатын ацетиленнен (қ.ж) массасы 16 г бензол алынды. Бензол шығымының массалық үлесі (%) қандай?
Жауабы: 55,17.

№ 4. Массасы 78 г бензолды нитрлегенде массасы 105 г нитробензол алынды. Нитробензол шығымының массалық үлесі (%) қандай?
Жауабы : 85,36.

№ 5. Реакцияның әр сатысының шығымы 100% деп есептеп, құрамында қоспаның массалық үлесі 12 % болатын 300 г кальций карбидінен алынған ацетиленнен қандай масса бензол алуға болады? Алынған бензолды циклогексанға айналдыру үшін (қ.ж) қандай көлем сутегі қажет?
Жауабы: 107,25 г ; 92,4 л H2

Бақылау сұрақтары:
1. Бензолдың құрылысы жайлы қазіргі кездегі түсінік қандай?
2. Диметилбензолдың барлық изомерлерінің формуласын жаз.
3. Катализатор қатысында бензолды сульфилирлегенде, нитрлегенде,
бромдағанда қандай өнімдер түзіледі? Реакция теңдеулерін жаз.
4. Бензол ядросындағы орын басу реакцияларының негізгі ережелерін
тұжырымда. Бірінші және екінші реттік орынбасарлардың
мысалдарын келтіріп, реакция теңдеулерін жаз.
5. Метилбензол мен нитробензолдың бромдану, сульфилирлену, нитрленуін
орынбасу ережесін пайдаланып, жазып көрсетіңіз
6. Бензолды жарықта хлорлағанда қандай өнім түзіледі?
7. Аромат көмірсутектерін зертханада және өнеркәсіпте алу.
1. Аромат көмірсутектер және олардың туындыларының медицинада
қолданылуы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *