АРНОЛЬД ДЖОЗЕФ ТОЙНБИ

АРНОЛЬД ДЖОЗЕФ ТОЙНБИ
(14 сәуір, 1889ж. Лондон, Ұлыбритания – 22 қазан, 1975ж. сонда)

— британ тарихшысы, әрі социолог-ғалымы, XX — ғасырдың ортасында ол цивилизациялық талдаудың жаңа түрін дүниеге әкелді.

Шығармалары:

онекітомдық салыстырмалы өркениет тарихы бойынша жазылған «Постижение истории» атты еңбектің авторы (локальді өркениеттер тұжырымдамасымен белгілі).

Философиялық көзқарастары:
Оның ойынша, тарихтағы әрбір цивилизация қоршаған ортаға бейімделудің негізінде өзіне тән рухани құндылықтарын, шаруашылық формаларын жасайды. Сондықтан жер бетіндегі мәдениет формалары әрқашанда әртүрлі болмақ. Бірақ қазіргі жағдайда Атлантикалық цивилизация дүние жүзіндегі басқа халықтарға үстемдік көрсетіп, олардың мыңдаған жылдар бойына жинаған мәдени тәжірибиесіне, құндылықтарына нұқсан келтіруде. Дегенмен де А.Тойнби тарихқа деген О.Шпенглердің пессимистік көзқарасына қарсы. Тарихи дамуда белгілі бір мәдениет қандай қиындық көрсе де, оны адамның ерікті де жауапты іс-әрекеттері арқылы жеңе алады. Оны көрсету үшін ойшыл тарихи сопылыққа екі жаңа категория енгізеді. Біреуі – қоғам алдына қоятын тарихтың талабы болса, екіншісі – оған берілетін қоғамның жауабы. Цивилизацияның өсуі, әрі қарай күрделенуі – сол нақтылы заманның қойған талаптарына сәйкес келетін шешімдер, жауапты табу болмақ. Егерде ондай жауапты элита таба алмаса, онда ол цивилизацияның сағы сынып, оның күйреуіне жол ашылады. Сонымен цивилизация тағдыры азшыл шығармашылық топтың іс-әрекеттерімен тығыз байланысты.
А.Тойнбидің енгізген бұл категорияларының методологиялық маңызы өте зор. Ол әсіресе модернизация, жаңару үрдісіндегі көп дамып келе жатқан елдерге аса қажет. Тәуелсіздіктің басында, Елбасының басшылығымен жасалған жаңа ұлттық саяси элитаның шешімдерінің арқасында заманның қойған талабына біз дұрыс жауап қайтара алдық. Соның нәтижесінде қазақ өз тәуелсіздігін уыстан шығармай, жаңа мемлекеттің іргесін нығайтуда. Егерде сол кезде басқа элита тобы болып, заманның талабына сәйкес жауап таба алмағанда, Қазақ Елінің тағдыры аянышты болуы мүмкін еді.
Қазіргі адамзаттың дағдарысынан шығу жолын ойшыл Бүкіл дүниежүзілік рухани бірліктен көреді. Ал ол үшін дүниежүзілік діндердің аса қадірлі жақтары біріктіріліп, бірегей Дүниежүзілік дін дүниеге келуі керек.
Сонда ғана әр түрлі цивилизациялардың басы бірігіп, бүкіл адамзаттың әрі қарай дамуына жол ашылады, — деп А.Тойнби өз ойларын қорытады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *