АНТИСФЕН

АНТИСФЕН
(б.д.д.444/435ж. Афина – б.д.д.370/360ж.)

— атақты грек арасынан шыққан философ, киниктер философиясының негізін қалаушы ретінде танымал.
Оның пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз – ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Бірақ олардың мазмұнында заттардың мәнін көрсететін қасиеттер мен әртүрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы дұрыс пайымдау субьекті мен предикат тепе-тең (товталогия) болған жағдайда ғана (математик дегеніміз математикадан сабақ беретін кісі дегендей) қалыптасады.

Философиялық көзқарастары:

Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылдық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылдықты ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі адам өзінің негізгі мақсаты – бақытқа тек рақымшылдық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін, ол туралы көп сөздің немесе білімнің қажеті жоқ, ол тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Жұрттың бәрі рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын шектей алатын адамдар ғана жете алады. Ондай адамдар тағдырға тәуелсіз, шын мәнінде ерікті рақымшыл данышпандар. Олардың идеалы – өздерін күнделікті қажет талап-тілектермен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Ал шын мәніндегі, ең жоғары бақыт – бақыттымын деп өлу.
Киниктер мемлекеттік заң мен рақымшылдық заңдарын ажыратып, бөліп қарастырады. Мемлекеттік заң рақымшылыққа жеткізбейді. «Шынында да, дауыс беру арқылы топас адамдарды қолбасшы қылып сыйлайтын мемлекетті рақымшылыққа жеткізетін мемлекет деп айта аламыз ба?» — деп сауал қояды Антисфен.

Философиялық афоризмі:

 Әділ адамды туысыңнан артық көргейсің.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *