АНРИ БЕРГСОН

АНРИ БЕРГСОН
(18 қазан, 1859ж –.4 қаңтар, 1941ж, Парижде туып, сонда қайтыс болған)

— XX ғасырдағы әйгілі француз философтарының бірі, интуитивизм және өмір философиясының өкілі, Нобель сыйлығының лауреаты (1927).
Оның шығармашылығы XIX-ғасырдың соңы мен XX-ғасырдың басы өмір философиясы проблематикасының қалыптасуына күшті әсерін тигізді. Өмір философиясы, интуиционизм, экзистенциализм сияқты философияның белгілі ағымдары идеяларының қалыптасуы мен дамуына А.Бергсонның еңбегі зор. Ол жаңа, классикалық емес, философияның қажеттілігін, дүниенің жаңа философиялық суреттемесін жасаудағы адам проблемасының маңызын, XX-ғасыр адамының дүниеге деген көзқарасының ерекшеліктерін алғашқылардың бірі болып сезген, сезіп қана қоймай соның басты-басты мәселелерін (уақыт, еркіндік, өмірдің мәнісі, жауапкершілік, сана мен интуиция және т.б.) жаңаша талқылаған ойшылдардың қатарына жатады.

Философиялық шығармалары:

«Сананың тікелей берілгендері туралы тәжірбие», «Материя және жады», «Шығармашылық эволюция», «Өзгермелілікті қабылдау», «Күлкі», «Түс көру», «Мораль мен діннің екі қайнар көзі» және т.б.
«Сананың тікелей берілгендері туралы тәжірбие» атты шығармасын А.Бергсон 1883-1888 жылдары жазып, ол 1889 жылы алғаш жарық көрген. Бұл шығарманың басты идеясы созылу мен ұзақтықтың арасын ашу, бір-бірінен айыру, сол арқылы кеңістік пен уақыт ұғымдарының сапалық ерекшеліктерін көрсету, адам психологиясын түсінудегі механицистік, позитивистік және байырғы рационалистік көзқарастарды сынау, адам санасының жаңа концепциясын жасау, сөйтіп адам өміріндегі еркіндіктің ролін негіздеу, ерік бостандығын түсінудегі детерминизм мен индетерминизм арасындағы бітпес тартыстың көзін ашып, еркіндік проблемасын шешуге бағыт сілтеу болып табылады.
«Материя және жады» атты еңбегінде А.Бергсон сана мәселесіне байланысты адамның жадысы, оның мәні мен адам өміріндегі алатын орны туралы пайымдай келе, материя мен рухтың арақатынасы туралы сұраққа ерекше көңіл бөліп, материализм мен идеализмнің арақатынасын ашып, екеуінің де сыңаржақтылығын көрсетеді. Мұнда ол қабылдау, интуиция, материя, сана, ми қызметі, жады, дене мен рух, ішкі реалдылық пен сыртқы реалдылық сияқты ұғымдарға талдау жасап, «материя мен рухтың бір-бірімен жанасу нүктесіне» дейін жетуді мақсат тұтады.

Философиялық көзқарастары:

XX — ғасырдың бас кезінде «Өмір философиясын» жақтағандардың бірі – А.Бергсон. Ол шала саналылықты, тіпті санасыз рухты жақтады. Интеллект, дейді ол, өмірді кинотаспа сияқты санасыз қабылдайды. Өмір дегеніміз, А.Шопенгауэрше, шексіз творчестволық қалыптасу. Ал Бергсонның пікірінше, өмір тұтас, үздіксіз, қайталанбайтын, өздігінен, творчестволықпен пайда бола беретін жаңаша түрлер.
Н.Винер Бергсонның осы пікірін кейін кибернетикаға қолданды.

Философиялық афоризмі:

 Азат адам ғана өз парызын терең сезіне алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *