АЛЛАМА МУХАММАД ИКБАЛ

АЛЛАМА МУХАММАД ИКБАЛ
(9 қараша, 1877ж. Сиялкот, Британдық Үндістан – 21 сәуір, 1938ж. Лахор, Пенджаб, Британдық Үндістан)

— қазіргі заманғы мұсылман елдері философиясының өкілі, ақын, философ және қоғам қайраткері.
Лахорда оқыды, кейін Англия және Германияда білім алды. Оның еңбектері 1890-шы жылдардың соңында шыға бастады. Тек Үндістандағы емес, сондай-ақ бүкіл әлемдегі мұсылман жұртшылығына үндеу жасады.

Философиялық шығармалары:

Парсы тілінде «Мен деген құпия», 1915; «Өзіндік құпиялар», 1918; «Шығыс үндеуі», 1923; «Джавидтің еңбегі», 1932. Оның бірқатар еңбектері «Керуен қоңыраулары» (1924) урду тілінде жазылды. Оның шығармашылығы гуманизм мен патриотизмге толы еді.
Оның өмір сүрген отаны – Үндістан. Негізгі еңбегі – «Персиядағы метафизиканың дамуы» зорастризмді, оның философиялық космологиялық ілімдерін пайымдауға арналған. Жанның мәні туралы Икбалдың айтқан ойларының мәні зор. Ол жан үш бөлікті модельден тұрады деп есептейді – ақыл, жүрек және рух. Жүрек танымының ең жоғары құралы ретінде саналады, ол ақыл мен рухты байланыстырады.

Философиялық көзқарастары:

Икбалдың Мани және Маздак туралы айтқан ойлары ерекше.Мани жарық принциптеріне он идеяны, ал қараңғы принциптеріне бес идеяны жатқызады. Маздак болса, осы принциптерді қолдай отырып, Құдай-жаратушы еске сақтау, даму, түсіну қабілеттерімен айрықшаланады дейді. Бұл қабілеттер жеке адамның қасиеттері көрінеді.
Икбал өзінің «Персиялық дуализм» деген еңбегінде бірнеше нақты тұжырымдар жасайды. Парсылардың исламға дейінгі ойлары бірқалыпты, үзіліссіз дамыған. Екіншіден, дүниедегі өмір сүрушілердің бірлік принципі-оның нағыз философиялық негізі; үшіншіден, универсумның монистік принциптік қозғалу басы зорастризм жақтастарының сұхбаттасынан нәр алады; төртіншіден, исламға дейінгі парсы ойында пантеистік бағыттар болмаған.
Көне философия ислам тарихындағы ұлы мәдени күш бола тұрса да, грек философиясы мұсылман ойшылдарының дүниетанымын кеңейтсе де, жалпы алғанда, олардың Құран туралы түсініктерін көлегейлейді, бұрынғы зерттеушілер грек философиясының негізінде оқыды. Құран рухани мәні жағынан антиклассикалық деп түсіну үшін де оларға 200-жыл керек болды. Икбалға евроцентристік көзқарастар ұнамады. Ол оған арабтардың Жерорта маңы елдерін жаулап алуын қарсы қойды. Осының негізінде европалық өркениет дамыған, бірақ қазіргі кезде ол өзінің жасампаздық күшінен айырылды. Икбал Европада болған кезінде өзін нағыз мұсылман ретінде сезінгенін, ал өз діндестерінің бөлінгендерінен қатты күйзеліске ұшырадым деп жазды.
Икбалдың дүниетанымы қалыптасуында бұрынғы мұсылман ойшылдарының, әсіресе ортағасырлық сопышылдық қалдырған мұра басты орында тұрды. Ол Джамал ад-Дин Румиді (1207-1273) өзінің рухани ұстазы ретінде санады. Икбалдың философиялық жүйесі оның үнді қалаларында 1928-29 жылдары оқылған дәрістер циклы және «Исламдағы діни ойлардың құрылымы» деген атпен шыққан жеке кітабының негізінде жазылған. Өз жүйесінде Икбал мынадай үш идеялық тұғырнаманы келтіреді:
 исламның басқа діни жүйелерінен жорамалдық басымдылығын;
 мұсылман ойын соңғы бес ғасырда мойындады;
 ислам «құрылымын» сенім рационализациясы бағытында міндетті түрде «ғылым мен сенімнің үйлесіміне» жеткенге дейін тарату керек.
«Дін дегеніміз өте маңызды мәселе; ол тек бір ғана ой, бір ғана іс-әрекет емес; ол – адам болмысының көрінісі. Сондықтан философия дінге баға береді, оның бейнелі жиынтығы процесінің негізі боларлықтай күші барын мойындау керек», – дейді Икбал.
Адамдардың алдында тұрған жалғыз жол – құрмет сақтау, бірақ қазіргі білімдерге тәуелсіз көзқарас білдіре отырып, ислам ілімін осы білімдер қатарында ұғыну керек. Тіпті бұл, осы кезге дейінгі ғалымдардың көзқарасына қарсы болған күнде де, ақиқаттың мистикалық танымынан бас тартқандығы Икбалдың толыққанды философиялық идеяларының мәресі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *