АЛЕКСАНДР НИКОЛАЕВИЧ РАДИЩЕВ

АЛЕКСАНДР НИКОЛАЕВИЧ РАДИЩЕВ
(20 (31) тамыз, 1749ж. Мәскеу – 12 (24) қыркүйек, 1802ж. Санкт-Петербор)

— орыс философы, ақын-жазушы.
Метафизикалық материализмнің өкілі.
А.Н.Радищев өзі дворяндар әулетінен шықса да, шаруалардың басыбайлы құқығына қарсы алғаш батыл пікір айтқан адам. Ол Ресейде патшаның жеке билеуін революция арқылы қиратып, саяси-әлеуметтік реформа жасауға шақырды.
А.Н.Радищев алғашқы дворяндардан шыққан революционер еді. Сібірден қайтып оралған соң император I-Александрдың тапсыруымен ол 1801-1802 жылдары оның жобасын жасауға қатыстырылды. Бірақ сол кезде де өзінің бұрынғы идеаларын өткізбек болып тырысып, ақыр-соңында Сібірге қайтадан жер аударылу қаупі төнгендіктен, у ішіп өлді.

Шығармалары:

«Петербордан Мәскеуге саяхат» («Путешествие из Петербурга в Москву»)
«О человеке, о его смертности и бессмертии» атақты трактатын және тағы басқа да танымал еңбектер жазып қалдырды.
Өзінің басты еңбегінде Ресейде шаруаларды басыбайлықтан құтқарудың бағдарламасы жасалды. Бірақ сол кітабы үшін патша үкіметінің шешімімен А.Н.Радищев Сібірге мәңгілікке жер аударылған болатын.

Философиялық және саяси көзқарастары:

Оның табиғатқа деген материалистік көзқарасы, адам туралы ілімі, өлім мен мәңгілік мәселесі, таным теориясындағы материалистік сенсуализмнің негізделуі, парасаттық пен сезімдіктің арақатынасы және Александр Николаевич Радищевтің тұлға мен адамзат қоғамы түсіндірмесі бүгінгі философия ғылымында өз орны бар.

Философиялық афоризмдері:

 Дене қимылындағы жаттығулар дене қуатын қалай нығайтса, ойлап жаттығу да ақыл қуатын солай нығайтады.
 Күлкі мазақтан да, зорлықтан да, аурудан да, түрмеде шіруден де, тіпті өлімнен де қорықпаңдар. Асқан долы асау, бірақ қуаңы аз толқындар арасында үйірілген тас сияқты бой бермей, санаңды берік ұста.
 Адам өз танымында биікке көтерілген сайын оған алыс жатқан көкжиектер көрінеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *