Австралия және Океания халықтары
Жоспары
1. Австралия және Океанияның тарихи мәдени аудандастырылуы.
2.Австралия және Тасмания халықтары.
3.Меланезия халықтары.
4.Полинезия халықтары.
5.Микронезия халықтары.
Мақсаты: Австралия және Океанияның географиялық жағдайын, этникалық тарихын, социогенезін, шаруашылығы мен мәдениетін қарастыру.
Жиі кездесетін сөздер. Абориген, табу, мана, Австралия тілдері, «унгуд».
Австралия мен Мұхит халықтары. Австралия мен Мұхит төрт аймақтан тұрады: Австралия мен Тасмания; Мелонезия мен Жаңа Гвинея; Полинезия мен Жаңа Зеландия және Микронезия.
Австралия мен Тасмания. Антарктиданы қоспағанда Австралия Жер шарының басқа құрлықтарынан бөлек орналасқанн. Оны мұхиттар мен теңіздер қоршап жатыр. Бұл жерге ең жақын тұрғаны солтүстіктегі Малай арзипелагтары. Осы архипелагтармен көптеген аралдар арқылы Австралия Оңтүстік Шығыс Азиямен байланысып жатады. Австралияның жер көлемі 7,7 млн. шаршы шақырым шамасында. Жер бедері біркелкі, аса биік таулары жоқтың қасы. Тасмания аралы да Австралияның оңтүстік шығысына жақын орналасқан. Жер көлемі 68 мың шаршы шақырымға жуық. Геологиялық құрылысы бойынша ерте заманда Австралия құрлығы мен Тасмания бір болған. Тасманияның төңірегінде алғаш рет 1798 жылы Флиндереом және Бассом жүзіп келіп, осы аралдың бар екенін анықтаған. Оң жағасы көптеген шығанақтармен қоршалған. Тасмания аралын солтүстіктен оңтүстікке қарай екі тау жотасы басып өтеді. Бұл тау жоталары өсімдікке бай, оның бөктерлерінде ормандар көп. Климаты қоңыржай, дымқыл. Қыста жиі –жиі қар жауып тұрады.Австралияның климаты тропикалық, субтропикалық, қоңыржай болып келеді. Тек оның шығыс және орталығында шөлді дала кездеседі. Олардың көлемі онша көп емес. Австралияда өзен мен көлдер көп емес.Ондағы ең үлкен өзен-Муррей-Дарлинг. Одан басқа да Виктория Орд, Балонн, Барку т.б. өзендер бар. Өзендері онша ұзын емес. Олардың көпшілігі жаңбыр аз жауған кездері құрғап өқалады. Бұл жердегі ұлкен-кішілі көлдердің жалпы саны 763-ке жетеді. Австралия мен Тасмания аудандарының табиғи-географиялық жағдайларына бейімделген әртүрлі өсімдіктер өседі. Бұл жерлердерді климаттық жағынан бірнеше аймақтарға бөлуге болады. Солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарында қалың жасыл тропиктік орман болады. Бұл жерлерде: пальма, фикус арауктар, эфкалипт, акация, казуарин(темір ағашы) т.б. өседі. Австралияда эфкалипттің 150-ден, астам түрлері кездеседі. Австралияның шығысынан батысына қарай жүрген сайын ормандар, ағаштар сиреңкіреп барып, оның орта жеріндегі сахаралық шөл, шөлейт жерлерде мүлде ағаштар өспейді. Олардың ішіндегі ірі шөлдерде: Симпсон, Үлкен Виктория шөлі, Гиссон, Үлкен Құмды шөл.Австралияда жануарлар әлемі де онша көп емес. Жергілікті жануарларда: кенгуру, вомбат(кеміруші), коал(қалталы аю);құстардан: тауық, эмо түйеқұсы, лира-құсы және т.б.Әртүрлі құрт-құмырсқалар, жабайы ара, бал құмырсқасы, қоңыз, балықтар, омыртқасыздар жергілікті австралиялықтар Жер бетіндегі қыбырлап жүрген осы жан-жануарлардың бәрін тамақ етеді.
Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеушілердің нәтижесінде Авсралияның жерасты байлықтарының көп екені байқалып отыр. Бұл құрлықтың: тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ , уран, темір, мыс, қалайы, хром және т.б. кен көздері бар.
1901жылдың 1қаңтарынан бастап Австралия өз алдына ерікті федеративтік мемлекет болып, Британиямен қарым-қатынастағы ел болып есептеледі. Халқының 97,1 %-ы қалада орналасқан. Олар құрлыққа біркелкі таралмаған. Жер шарының тарихи-географиялық қолайлылығына қарап, адамдардың көпшілігі Австралияның шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік –батыс жақтарында тығызырақ орналасқан.
Австралия мен Тасмания осы күнгі халықтың басым көпшілігі еуропалықтардың, оның ішінде ағылшындардың ұрпақтарынан қрлыған. Аборигендердің Еуропадан келген отаршылдармен соғыстарынан нәтижесінде олардың көбі қырылған. Тірі қалғандарды шөл, құнарсыз жерлерге ығыстырып шығарған. ХІХ ғасырдың 70 жылында ең соңғы тасмандық –Уилльям Лэннин қайтыс болған.