КЛОД АДРИАН ГЕЛЬВЕЦИЙ

КЛОД АДРИАН ГЕЛЬВЕЦИЙ
(31 қаңтар, 1715ж, Париж – 26 желтоқсан, 1771ж, Париж)

— француз әдебиеттанушысы, утилитарлық бағыттағы материалист-философ; Ағартушылық кезеңіндегі француз буржуазиясының идеологы.
Ол Парижде дүниеге келіп, иезуиттік колледжде оқыды.

Философиялық шығармалары:

«Ақыл туралы» (1758), «Адам, оның ойлау қабілеті мен тәрбиесі жөнінде» (1773) және т.б.

Философиялық көзқарастары:

Гельвеций материалистік көзқарасты жақтап, ойлау, ақыл қабілетті физикалық сезімталдық пен естен туындайды деп жазды. Адам тәнінде екі түрлі қабілет бар деп есептеді ол, бірі – сыртқы дүниенің жасайтын әсерін қабылдау оны сезімталдық, дейді. Екіншісі – бізге тигізілген сыртқы әсерді бойымызға сақтай білу – оны «С», дейді. Оны ұзартылған, әлсіреген әсер деп түсінді. Ой – жаңа идея мен комбинациялар жиынтығы. Ой түрлі сезімдерден туған күрделі қорытынды екенін білмей, оны сезімдердің жәй жиынтығы дегені оның қателігі еді. Екінші жағынан, Гелвеций ақыл табиғаттың берген сыйы емес, тәрбиенің нәтижесі деп түсіндірді. Адамның мінез-құлқы туа бітпейді, ол өмір сүру барысында қалыптасады деп жазды. Сондықтан адамдар дүниеге келгенде белгілі бір ақыл бір мінезбен тумайды. Тәжірибеде дәлелденгендей адамдардың ақылы мен мінезі билік түріне байланысты өзгереді, түрлі өкімет бір халықтың өзін кезекпен не көтеріңкі, не тұрақты, не тұрақсыз, не батыл, не сақ етеді.
Гельвеций дін шіркеуді сынады. Қоғамдық құрылыс сипаты қоғамдық заңдарға байланысты, соңғысы адамдар пікіріне, олардың қоғамдық құрылысына байланысты деді. Олай болса Гельвеций объективтік жағдай пікірге байланысты, сондай-ақ пікір объективтік жағдайға байланысты деген идеалистік шеңберден шыға алмады.

Философиялық афоризмдері:

 Адам өзін-өзі бақытсызбын деп төмендете берсе, шынымен-ақ бақытсыз болады.
***
 Адам бақытты болуы үшін оған бір нәрсе жетпей тұруы керек.
***
 Өз атамекеніңді сүю бүкіл әлемді сүюуіңе бөгет болмайды.
***
 Иілген ағаш икемге келмейді.
***
 Ақиқатты жақтаушылардың аузын қанша жаптым дегенмен, көзге көрінбейтін жақтастарының бәрін жойып жіберу мүмкін емес.
***
 Адамдарды қорқыныш пен бақытсыздық қатыгез етеді.
***
 Ойға алғанымыздың барлығы бірдей орындала берсе, жанымыз жұмыссыздықтан жалығып өлер еді.
***
 Күштіні ұнатпағанмен жек көрмейді.
***
 Қызғаншақтық шекпенінің астында жеккөрушілік, өсек, сатқындық пен айла-шарғы ере жүреді.
***
 Қолынан ештеңе келіп жарытпайтын адамның бар арманы – өзінен артық адамды көзге ілмеу.
***
 Озбырлық бар жерде жағымпаздық та жалғаса жүреді.
***
 Қатыгез қашан да үрейленуден, әлсіздіктен және қорқақтықтан туады.
***
 Торығу – жан-жарасы. Оның қайнар көзі өзіңе-өзің сенбеуде жатыр.
***
 Бақытыңның басты жауы не деп ойлайсың? Әрине, өркөкіректік пен қызғаншақтық.
***
 Адамдарды алдауға емес, үйретуге келген кісі олардың өз тілінде сөйлеуі керек.
***
 Біліксіздік ақылды да аздырады.
***
 Күшті сөйлей бастағанда әлсіздің үні өшеді.
***
 Ақиқаттың жолы ауыр, қашан да кеш мойындалады.
***
 Таң қалуға бір мезет те жеткілікті, ал таңқаларлық іс тындыруға кейде ғасыр да жетпей қалады.
***
 Қазіргі көп қошемет, көбіне, келешек ұрпақтар алғысынан айырады.
***
 Деспот басқаратын елді жалғандық жайлайды, онда маскалар ғана жүреді, адамның беті көрінбейді.
***
 Адамдар бақытының мәнісі – олардың істелуі тиіс нәрсені істеуді ұнатуында.
***
 Егер ағашты ұзақ иіп ұстаса, ол өзінің серпінділігін жоғалтады.
***
 Адамдарға ұнағың келе ме? Олардың ақылын бағалай біл.
***
 Адасудың мыңдаған түрі бар. Ақиқат керісінше, жалғыз да қарапайым.
***
 Бір мезгілде әрі әділ, әрі құдыретті болу мүмкін емес дерлік.
***
 Бұл дүниенің күштілерінің арасында әділетсіздік істемеген адам жоқ.
***
 Білімді адамдар сирек, ал риясыз адамдар одан да аз.
***
 Ақиқат уақытша адасудың көлеңкесінде қалуы мүмкін, бірақ ерте ме, кеш пе оның сәулесі түнекті түріп шығады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *