МЭН ЦЗЫ (МЭН КЭ)

МЭН ЦЗЫ (МЭН КЭ)
(шамамен б.д.д.372ж. Цзоу иелігінде (қазіргі Шаньдун пров. Цюйфу қ.) – 289ж.)

— атақты қытай ойшылы, Конфуцийдің (Конфуциандықтың) жолын қуушы.
Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана емес, сондай-ақ жаңа ойлармен толықтырьш отырған.

Шығармалары:

Жоғарыда аталған идеялар «Мэн-цзы» атты еңбегінде көрініс тапқан.

Философиялық көзқарастары:

Оның пікірінше, таным процесінің негізі сезімдік қабылдауда емес, оның ақыл-ойында, парасатында. Мэн-цзы мораль және этика адамның туа біткен табиғатынан шығады. Этикалық-моральдық ұстанымдар адамның табиғатынан әрі жоғарғы күш иесі «Көк-Аспаннан» дегенді алға тартады. Ол бір жағынан адамның тұқым қуалаушылық жолымен келетін қасиеттерді де жоққа шығармайды.

Әлеуметтік-саяси көзқарастары:

Мэн-цзы өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарында жеке бір адамзатты алға жетелейтін тың ойлар да айтып кетті, ол көбіне билік басында отырған адамға да байланысты екенін баса айтады. Ал оған (мемлекет билеушісіне) бағыт-бағдар беріп отыратын қалың көпшілік, сондықтан билік басындағылар халықтың мұң-мұқтажымен санасулары керек немесе кез-келген мемлекеттік мүдде жалғыз адамның емес бүкіл қалың көпшіліктің мақсат-тілегі болуы керек. Өйтпеген жағдайда, халық мемлекет билеушісін биліктен аластатуға құқы бар. Мэн-цзы шашырап жатқан елді бір жерге біріктіруге шақырды.

Философиялық афоризмдері:

***
 Адамның оқуға деген қабілеті оның өз табиғатынан ізгі екендігімен түсіндіріледі.
***
 Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *