АНАКСИМЕН

АНАКСИМЕН
(б.д.д. 585/560 – 525/502 ж.ж.)

— көнегрек философы, Милеттегі натурфилософия мектебінің өкілі, сақ-скиф арасынан шыққан, Гнур патшаның баласы, Савлия және Кадуит патшаларының ағасы болып келеді. Анахарсистің шәкірті. Анаксимандр ілімін ары қарай жалғастырушы. Алғашқы бастама – ауа деп білген.

Философиялық көзқарастары:

Ауа – шексіз (апейрон). Сөйтіп, оның апейроны түпнегізден Ауаның қасиетіне айналды. Ауа үнемі қозғалыста болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылғанда алдымен Отқа, содан кейін эфирге айналса, қоюланғанда – желге, бұлтқа, Суға, Жерге және тасқа айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққа байланысты да, қоюлануы салқынға байланысты.
Оның ілімінше, Жер және басқа аспан денелері Ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер Ауаның әсерінен ылғи да қозғалыста болады. Күн де – Жер, бірақ өзінің жылдам қозғалуының себебінен ыстық шоққа айналған.
Ауа тек қана денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жанның да бастамасы. Ал жан болса, ол – бізді біріктіретін бастама. Анаксимен құдайларды да Ауадан пайда болды деген пікір айтады. Басқаша айтқанда, құдайлар Ауаны жаратқан жоқ, керісінше, Ауа құдайларды жаратты. Олай болса, құдайлар материалдық түпнегіздің модификациясы ғана.
Қорыта айтқанда, Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен барлық заттардың, денелердің генетикалық бастамасын, түпнегізін құдайлардың құдіретінен іздемейді, олардың өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді. Генетикалық бастаманың, түпнегіздің табиғаты, бір жағынан, зат тәріздес болса, екінші жағынан, ақыл-ойдан да қашық емес, сондықтан ол құдайлармен пара-пар құбылыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *