АНАКСИМАНДР МИЛЕТСКИЙ

АНАКСИМАНДР МИЛЕТСКИЙ
(б.д.д.610 – 547/540ж.ж.)

— көнегрек философы, Милеттегі натурфилософия мектебінің өкілі, Фалестің шәкірті. Проза түрінде жазылған алғашқы грек ғылыми шығармаларының авторы.

Философиялық шығармалары:

«Табиғат туралы», б.д.д.547ж., «Жер картасы», «Глобус» және т.б. «Заң» терминін алғаш рет қолданған ойшыл, табиғат және қоршаған ортаға деген қоғамдық тәжірибие ұғымын ұсынды. Алғашқы бастама, дүниенің негізі – топырақ («апейрон») мәңгі өлшеусіз, шексіз субстанция, барлығы одан пайда болады, оған айналады.

Философиялық көзқарастары:

Оның пікірінше дүние негізі су, немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама – апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. Мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон. Анаксимандр әлемнің түрлері көп болатынын болжамдады. Оның апейрон туралы пікірі қазіргі материяны философиялық тұрғыдан пайымдауға жақын келеді.
Анаксимандр Фалестің шәкірті ретінде ілімін одан әрі қарай жалғастырды. Симпликийдің айтуынша, Анаксимандрдың апейроны генетикалық бастама ретінде де, түпнегіз ретінде де таусылмайтын шексіз және төрт дүлей күштің (Жер, Су, Ауа және От) бір-бірімен араласып, ауысу процесінің негізі. Бірақ апейрон кеңістікте шексіз емес, сол төрт дүлей күштің негізі ретінде шексіз, көмескі және мәңгі. Ол ешуақытта қартаймайды, өлмейді және жойылмайды. Ол мәңгі белсенділіктежәне қозғалыста болады. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында өзінен қарама-қарсы құбылыстар – ылғал мен құрғақтық, салқындық пен жылылық шығарады. Олар екі-екіден қосылып, Жер (құрғақтық пен салқындық), Су (ылғалдық пен салқындық), Ауа (ылғалдық пен жылылық), От (құрғақтық пен жылылық) түзейді. Осы төртеуі арақатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыр Жер орналасады да, қалғандары оны Сумен, Ауамен, Жарықпен (От) қоршайды. Аспан Отының әсерімен судың біраз бөлігі буланады да, мұхиттардан Жер көріне бастайды, сөйтіп, құрлықтар пайда болады. Демек, апейрон Космостың генетикалық бастамасы ретінде ондағы денелерді дүниеге әкеледі. Аспан әлемі соғыс арбасы дөңгелегінің шеңбері сияқты үш сақинадан (шығыршық) тұрады. Бұл сақиналар көзге көрінбейді. Төменгі сақинаның көптеген тесіктері бар, сол тесіктер арқылы Аспандағы Оттар көрініп тұрады. Ортадағы сақинада бір ғана тесік бар, ол – Ай. Жоғары сақинада да бір тесік бар, ол – Күн. Тесіктер толық немесе аздап бітелулері мүмкін, онда Күн мен Ай тұтылады. Сақиналар Жерді айналып жүреді, олармен қоса тесіктер де қозғалыста болады. Анаксимандр осылай жұлдыздардың, Күннің, Айдың қозғалыстарын түсіндіреді.
Анаксимандр ілімінше, тіршілік теңіз бен құрлықтың шекарасы Айда, аспан отының әсерімен пайда болды. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде өмір сүреді, кейін олардың кейбіреулері өздерінің қабыршықтарын тастап, құрлыққа шығып, тіршілік етті, сөйтіп, жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз жануарларының бір түрінің ішінде өсіп, өрбіп, ер жеткеннен кейін құрлыққа шығып өмір сүреді.
Анаксимандр ілімінің аңғалдығына қарамастан, онда табиғаттың даму заңдылықтарын табиғаттың өз логикасымен түсіндіру табиғаттану диалектикасының алғашқы қадамдары болды.

Философиялық афоризмдері:

 Бөлшек өзгереді. Бүтін өзгеріссіз қалады.
***
 Несі бар, балалар үшін әнді жақсы айтып үйренуге тура келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *