Өмір

Өмiрге келесiң,
бәрiн де көресiң,
құлайсың жылайсың, бiрақ та көнесiң.

Өрт болып жанасың, лаулайсың, сөнесiң. Маңдайға жазғанын өзiң де көресiң.

Бiреуден аласың,
бiреуге бересiң,
адасып шындықтан,
жалғанға сенесiң.

Ақ пенен қараны өзiнше бөлесiң.
Тым қысқа бұл өмiр, келесiң, кетесiң.

Көп бiлсең ақыл айт, түсiнер адамға.
Сөзiңдi қор қылма, түсінбес наданға.

Жақсымен жолдас бол, жетелер асқарға. Жаманға жoласаң, етедi масқара…

Тектiден ҚЫЗ алсаң, ошағың сөнбейдi… Жиынның iшiнде, сөзiңдi бөлмейдi.

Тексiзден ҚЫЗ алсаң, басыңа өрлейдi. Санасыз, сабырсыз айтқанға көнбейдi.

Әйелді есiктен, баланы бесiктен, тәрбие қылмасаң, боласың кешіккен.

Жаман ат келтiрме, аяулы АНАҢА… Тоғыз ай көтерiп, әкелген жалғанға.

Қаттырақ тіл қатпа… Әкеге-Анаға,
Жүрегін ауыртпа, қашанда бағала.

Сынақтан сүрiнбе, түңілме, бүгiлме.
Сан өткел тұрса да алдыңда күніге.

Байлықтың соңынан қуалап жетпейсiң.
МАҢДАЙҒА ЖАЗҒАННАН : Бірі төмен, бірі жоғарыда болса да барлық жапырақтар күз келгенде жерге құлайды. Замандастар да бірі етікші, бірі билеуші, бірі кедей, бірі бай болса да бәрібір бірге бірі ерте, бірі кеш қабірге құлайды.
Жақсысы атылған заман,
Жаманы сатылған заман.
Еркегі қатыннан жаман,
Қатыны шатылған заман.

Ібіліс ылыққан заман,
Бүлініп, былыққан заман.
Құлқыны құныққан заман,
Құдайын ұмытқан заман!

Байлыққа бас ұрған заман
Әптіңді қашырған заман.
Араны ашылған заман,
Адамы ашынған заман!

Талабын тасқа ұрған заман,
Тарыдай шашылған заман
Арамды ас қылған заман,
Адалды лас қылған заман.
Талағы тасырдан жаман,

Тарыдай шашылған заман.
Айласын асырған заман,
Абыройы ашылған заман.
Ұлдары ұрынған заман,
Қыздары қыдырған заман.
Түлкідей құбылған заман,
Түгелдей жын ұрған заман!!!

Исраил Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *