Түлектерге мамандық таңдауда бағыт беретін қосымша іске қосылды

Түлектерге оқуға қайда баруға болады және мамандық таңдауда қателеспеу үшін не істеу керек?

25 маусымда ҚР колледждеріне оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталады.

2021-2022 оқу жылына 10 бағыт бойынша 97 мың орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы жүзеге асып жатыр.

Қазақстандық 9 сынып түлектеріне алғаш рет ТжКБ колледждеріне түсер алдында білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіптік бағдарлау тестінен өту мүмкіндігі беріледі.

Нәтижесінде түлектер тестілеу барысында анықталған қызығушылықтары мен қабілеттеріне сүйене отырып, болашақ мамандығын таңдай алады.

Бұл диагностикалық кәсіби бағдар платформасы — EduNavigator деп аталады және 2020 жылы Президенттің №27 Жарлығы бойынша әзірленген «Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы» жобасының негізінде құрылған.

Ол жобада экономиканың 9 басым саласы, 463 кәсіп аясындағы 239 жаңа, 95 трансформацияланатын және 129 жойылып бара жатқан мамандықтар қамтылған.

Edunavigator.kz атты кәсіби бағдар анықтау платформасын ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік серіктесі BTS Education компаниясы әзірлеген.

Бүгінгі таңда жүйені 13 мыңнан астам оқушы пайдаланады. Ал былтыр 600 мыңнан астам кәсіптік бағдар сұрағына жауап берілді.

Дәл қазір базада 270 өзекті мамандық бар.

Деректер үнемі жаңартылып отырады және жақын уақытта еңбек нарығына талдау жасалады.

Сонымен қатар, бұл жүйе тестілеу нәтижесінде ұсынылған мамандықтарды оқытатын колледждерді таңдау мүмкіндігін ұсынады.

https://EduNavigator.kz

Автордың фейсбук парақшасы:  https://www.facebook.com/100000091009036/posts/4549622505050738/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *