Жаз басталғалы ата-аналар балаларының қамын ойлап бас қатыруда. Өйткені пандемия салдарынан балабақшаның жұмыс істеуінен карантинге жабылуы ұзаққа созылды. Кішкентайлар балабақша мен мектепті қойып, үйде қамалды. Дегенмен, уақыт өз дегенін алды. Қазір балабақшамен қоштасқан бүлдіршіндер мектепке бармақ. Алайда ата-ананың көпшілігі балабақшада мектепалды дайындықты толыққанды өтпеді деп, балаларын мектепке беруге бас тартуда. Ал балабақша 6 жасқа толған бүлдіршінді қайта қабылдамайтынын айтуда. Тығырықтан шығар жол бар ма? Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Осыған қатысты сұрақтарымызға Білім және ғылым министрлігіжауап берді…
– Жалпы, мектепке дейінгі дайындық сыныбына бала неше жасынан баруы керек? Жас ерекшелігіне қарай қандайда бір шектеу бар ма?
– ҚР «Білім туралы» заңының 30-бабына сәйкес, бала 5 жастан мектепалды даярлық тобына немесе мектеп жанындағы даярлық сыныбына баруы тиіс. Балабақшаға, даярлық сыныбына бармай отбасында тәрбиеленген бала ата-анасының өтінішімен жаз айында мектеп жанындағы қысқа мерзімді курсқа баруына болады. Бала 6 жасқа толғанда ата-анасының өтінішімен мектепке қабылданады. Денсаулығына байланысты ПМПК-ның тиісті анықтамасы болса, мектепке 1 жылға кеш баруы мүмкін.
Мектепке даярлық – мектепке барудың алдында немесе балабақшадағы ұйымдастырылған оқу қызметінің барысында ғана емес, бала туғаннан бастап мектепке барғанша, оның дамуының барлық сатысында үздіксіз қатар жүреді. Мектепке дайындау дегеніміз – алдымен баланың мектепте оқуға деген ынтасын оятуға және коммуникативтік дағдысын дамытуға бағытталған.
Толығырақ: https://aikyn.kz/145309/1-kyrkuyek-31-zheltoksan-aralygynda-6-zhaska-tolatyn-balalardyn-mektepke-baruyn-ne-balabakshada-kaluyn-ata-ana-sheshedi/