Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор сөздері арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз

Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор сөздері арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз.
Батыр – қайсар, ерен күш иесі. Адамның батырлығы сан қилы жағдайлар кезінде танылады. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романын ерекше рухтанбай, әсер алмай оқып шығу мүмкін емес екен. Шығармада Бауыржан Момышұлының ерлігі мен өрлігі суреттеледі. Оны қан майдандағы батыр ретінде ғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да таныта білген.
Роман-диалогте Б.Момышұлы ұлтжандық қасиетке тән мінезімен көрінеді. Оны автордың: «Отаншылдық — әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал Отанды сүю өз үйіңнен басталады. Ата-анаңды сыйлаудан басталады», — деген ойларынан аңғарамыз. Меніңше, азғантай сөзбен ұрпаққа қандай үлкен ой айтқанын көреміз. Батырдың елі үшін қасық қаны қалғанша күрескендігін көре отырып, оның Отан алдындағы жауапкершілік қасиетін байқаймыз.
Жазушы шығармасында батырдың тек белді қолбасшы ғана емес, өз жауынгерлеріне әкедей зейіл, әділ, қамқоршы екенін тамаша мысалмен суреттеген. Оны жазушы: «Бауыржанға «батялап» кіріп келе жатқан адамның артынан бүкіл полкы жамырай еріп келе жатқандай көрінді». Осы үзіндіден-ақ батырдың қаһарлы да қатал жүректі саналатын қолбасшы ғана емес, ақ жүректігі, бауырмалдығы айқын сезіледі деп ойлаймын. Соынмен бірге, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда
Б.Момышұлының кемеңгерлігімен таныстырады. Автордың «… не бары жаудың екіақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен сияқты солдаттың әрқайсысы 2 танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!?» — деген сөзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілділігіе, кеңпейілділігін көрсетті.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, Баукеңнің даңқы, рухы өзіне керек емес, ол бізге, ұлтымызға, келер ұрпағымызға керек. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей болған баһадүр батыр Бауыржан ағамыздың даңқымен, рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген біз осал ұрпақ болмайтынымызға мен нық сенімдімін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *