Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» романындағы «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір- бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» — деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
Қабдеш Жұмаділовтың Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған туындысы — » Тағдыр» романы. Шығармадағы «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» — деген сөзге әкелген қандай құндылық?
Адам бойындағы құндылықтар өте көп: адамгершілік, имандылық, ұлтжандылық, мейірімділік. «Адамгершілік- асыл қасиет» десек, Демежанның білімді де намысты болуы, үлкендерді сыйлауы аймақ басшысы Ши–амбымен және ұстазымен қарым- қатынасынан көрінеді.Оның қарапайым адамдарға қол ұшын созуы, істеген жақсылығы-ұшан-теңіз. Қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, ұстазына деген құрметі мен сүйіспеншілігі жайында сөз болады. Аймақ басшысының: « Мемлекеттің тілін, заңын білетін сен сияқты азаматтар біз үшін қашанда қадірлі» деуі тегін емес. Бүгінгі жаhандану заманында адамгершілік өресі биік адамдар азайып бара жатқандай. Менің ойымша, оған жастардың батысқа еліктеуі, рухани құлдырауы, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалып жатқан жастар көптеп кездеседі. Жан-дүниенің байлығы — өз қолымызда екенін ұмытпайық!
Қазіргі таңда адамдар бойында көптеп кездесе бермейтін ұлтжандылық қасиет романның басты кейіпкері Демежанға тән. «Ұлтым — қазақ, соны ғана білемін, қолымнан келсе иісі қазаққа жақсылық жасағым келеді ,»- дейді. Туған халқы үшін Маншың өкіметінің зорлығына қарсы күресуі, елі үшін жер, су сұрауы сөз етіледі. Бұған дәлел ретінде шекара сызығын бөлу кезінде бел шеше кірісуін айта аламыз. Жат жердің топырағында жүрсе де, ұлты үшін күрескен Демежан сияқты азаматтар бүгінгі тәуелсіз елімізде саусақпен санарлық десем де болады. Солардың бірі де, бірегейі — Мұхтар Шаханов.
Әдебиеттанушы ғалым Ш. Елеукенов былай дейді: «Тағдыр- ұлтжанды қаhарманды биік өреге көтерген роман» Демежанның халқының елдігін, ауыз бірлігін сақтап қалу жолындағы тер төгіп, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік ортаның шындығы бүгінгі таңда да маңызды. Болашаққа қарай жол тартқан уақыт керуенінде халқымыздың мәртебесі қашанда биік болғай деп тілеймін!
Қорытындылай келе, роман бүкіл ұлт тағдырын суреттейді. Аймақ басшысы Ши-амбы Демежанға: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» — дейді Құлжаға қоныс аудара бара жатып. Бұдан шығатын қорытынды: адам баласының тек ізгі ниеті мен игі істері ғана мәңгі ұмытылмайтын құндылықтар екенін аңғаруға болады.
Халқы үшін еңбек еткен, адамгершілігі жоғары тұлғалар халық жүрегінен мәңгі орын алады. Пенделіктен аулақ болып, сыйласып өткенге не жетсін !