Шетелге көшу мақтаныш болмауы керек — М. Шаханов

Біздің ұлтымыз бодан болды. Құдайдың оң көзі түсіп тәуелсіздік алдық. Қатты қуандық. Бірақ қуанышымыз көпке созылмады. Тәуелсіздіктің қадірін тез ұмытқандай сезім бар. Басқыншы халық әр басқан қадамымызға, әр шешімімізге қарап сынап отыр. Бірақ соны түсініп, намысқа тырысып, етек-жеңін жинай бастаған қазақ байқалмайды. Байы сараңданып, кедейі баймен жарысып далақбайлап кетті. Көп кемшілік, қателігіміздің бірі шетелге көшуді сәнге айналдыруымызда. Кейінгі кезде шетелге кеткен қазақ, шетелде оқыған, сонда көшкен сәнге, мақтанышқа айналды. Ол елде де қиыншылықтар бар, екінші сорт болып жүру бар. Және құдай ұлтқа, ұлысқа, тілдік жікке бөліп жаратқасын у ішсеңде халқыңмен бірге көрген дұрыс. Саналы қоғам, намысы бар ел елін-жерін тастап, азаматтығын болмашы нәрсеге ауыстырып жатқан адамды мақтан етпейді. Біздің ұлт ретінде мықтылығымызда осыдан байқалады… СССР құлағасын неміс халқы жаппай Германияға көшіп кетті, Израильге ағылған еврейлерді де айтуға болады. Біздің қазақ неге солай үдере көшпеді?! Қазір шетелде 7 миллионға жуық қазақ бар екен. (мәлімет нақты емес) «Неге соның жартысы болса да елге көшпейді?» деген сұрақ бар. Иә, әрине, ішкі күтіп алуда, жағдай жасауда өте төмен деңгейде. Бірақ сыныққа сылтау іздесең бітпейді. Кеше Ресейден келген екі қыздың оқиғасына тәнті болдым. Қалталарына 200 мың теңге салып ақ келген. Елге келіп тұрмысқа шыққан, азаматтық алған. Бәрі де жігерге байланысты екенін солардың оқиғасы аңғартқандай…

Мұқтарбек Шаханов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *