Тыныс алудың түрлері
Тыныс алу жуйесі жануарлар дүниесінің даму жолында әр түрлі өзгерістерден өтеді. Бұл өзгерістер тіршілік ортасының жағдайларымен байланысты болады. Суда тіршілік ететін қарапайым организмдерде (бір торшалы және төменгі сатыдағы көп торшалы арнаулы тыныс мүшелері болмайды. Суда еріген оттегіні олар денесін қаптаған қабықша арқылы сіңіреді. Тыныс алудың мұндай түрі н диффузиялы тыныс алу депатайды.
Жануарлар организмінің күрделенуімен байланысты олардыңжұтқыншақ қуысы қабырғаларында желбезек саңлаулары пайда болады да,желбезекпен тыныс алу түрі қалыптасады. Ауыз қуысынан жұтылған су осы желбезек саңлаулары арқылы жұтқыншақтан сыртқа өтіп, тыныс алу аппараты — желбезекпен жанасады. Суда еріген оттегі желбезектің жұқа қабырғаларындағы қан тамырлары арқылы сіңеді, ал қан құрамындағы көмір қышқыл газы, керісінше, сута бөлінеді. Желбезекте қарсы ағын принципі (балықтарда) орын ала-ды, сондықтан судагы оттегі тиімді пайдаланылады.
Тіршіліктің құрлыққа ауысуына байланысты атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделген газ алмасудың бірнеше түрі қалыптасады. Мысалы, омыртқасыздарда — кеңірдек, хордалыларда — өкпе, кейбір құрттар мен насеком личинкаларыңда — дене жабыны, жұмыр құрттарда — ішек арқылы тыныс алу механизмдері дамиды. Кейбір жағдайда дене жабыны (тері) арқылы тыныстау механизмі арнаулы тыныс алу мүшелері пайда болған жануарларда да сақталады. Мысалы, желбезек аппараты дамыған жылан балықтар өздеріне қажет оттегінің 60 пайызын, ал өкпе пайда болған бақалар — 50 пайызын тері арқылы қабылдайды.
Өкпенің тыныстық беткейі дене қуысында орналасады да, олкебіреуден сақталады. Өйткені газ алмасу процесі дұрыс жүру үшінауаның дымқыл болуы қажет.
Өкпенің екі түрі болады — диффузиялық және желдетпелі. Оныңалғашқы түрінде газ алмасу диффузия арқылы атқарылады. Мұндайөкпелер шағын жәндіктерде (өкпелі моллюскалар, шаяндар,өрмекшілер) кездеседі. Желдетпелі өкпе құрлықты мекендейтін омыртқалыларда болады.
Сүт қоректі жануарлар өкпесі бронхы мен альвеола тарамдарынантүзілген паренхимадан және олардың арасындағы дәнекер ұлпалы құрылым — стромадан (төсеніштен) тұрады. Строма арқылы өкпепаренхимасына қан мен лимфа тамырлары және жүйке талшықтары өтеді. Бұл мүшеде ет талшыктары болмайды, сондықтан өкпе өз бетіншее керіліп — сола алмайды. Осымен байланысты эволюциялық даму процесі барысыңда өкпенің ырықсыз желдетілу механизмі қалыптасқан.
Тыныс алу механизмі алма кезек ауысып отыратын дем алу және дем шыгару кезендерінен тұрады. Тыныс алудың мұндай түрі тынысаппаратыңда жоғары ылғалдық сақтау мұқтаждығынан туған, себебіауаның құрғақтығы газ алмасу процесін шектейтін фактордың бірі.Осымен байланысты адам мен жоғары сатыдағы жануарларда газ алмасу беткейі сыртқы ортамен жанаспай, дененің ішінде орналасады.
Өкпе альвеолары кекірек қуысы қимылдарының арқасындажелдетіледі. Дем алу (инспирация) арнаулы тыныс алдыратын еттердің -инспираторлардың (көк ет, сыртқы қабырға аралық еттер, шеміршек аралық еттер, қабырға көтергіш еттер, төс — бұғаналық еміздікше еттер т.б.) жиырылуының арқасында көкірек қуысының ені мен тұрқының кеңеюінің әсерінен жүреді. Аталған еттердің жиырылуының саддарынан құрсак ағзалары кейін (төмен) ығысып, қабырғалар керіле көтеріледі. Көкірек қимылына сәйкес өкпе де керіліп, оның ішіндегі ауа сиреп, қысым атмосфералық қысымнан сынап бағанасымен 1-3 мм-ге төмендейді де, сыртқы ортадан ауа өкпеге сорылады. Тыныс еттері босаңсыған кезде көкірек қуысы тарылып, өкпедегі ауа сығылады да, дем шығарылады. Дем шыққан соң аз уақытқа үзіліс (тыным) байқалады. Тыныс жиілеп, тереңдеген кезде дем шығару (экспирация) арнаулы еттердің — экспираторлардың жиырылуы арқасында жүреді. Экспираторларға ішкі қабырға аралық еттер, сыртқы және ортаңғы сегізкөз еттері, құрсақтық қиғаш және тік еттері т.б. жатады.