Балаларды оңалту орталығының экс директорына сот үкімі шықты

Алматыда «Балбұлақ» балаларды оңалту орталығының Экс-директоры сотталды. Бұл туралы Медеу аудандық № 2 сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот 2020 жылғы 30 желтоқсанда А. төрағалығымен өткен комиссия отырысында осы мекеменің 22 қызметкеріне сыйлық ретінде 2 331 000 теңге сомасында ақша қаражатын бөлу туралы шешім қабылдағанын анықтады.

«2020 жылғы 31 Желтоқсанда А. бухгалтерлерге жалпы сомасы 939 000 теңге сыйлық жинап, оны өзіне беруді тапсырды. Осылайша, сот А. өзіне пайда мен артықшылық алу мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғанын, бұл мемлекеттің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіргенін, яғни ҚК — нің 361-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын анықтады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігінің санкциясында 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар қарастырылған. Сонымен қатар өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *