Шаштараз болғым келеді

Танымдық оқиға
«Шаштараз болғым келеді»
Серуен кезі болатын. Балалар балабақша ауласында еркін ойындар ойнап жүр еді. Сол кезде шеткі орындықта отырған екі қызды байқап қалдым. Олар бір-бірімен шүйіркелесіп сөйлесіп жатты. Не жайында сөйлесіп жатқандары маған да қызық болды. Жақындап келіп көріп едім Альбина құрбысына өте әдемі моншақтармен көмкерілген көздің жауын алатын аспалы сумкасының ішіндегі бұйымдарын көрсетіп тұр екен. Ішінде айна, тарақ және бірнеше әдемі түрлі –түсті шашқа тағатын рәзеңкелер бар екен. Ертеңінде таңертең балаларды қабылдау кезінде Альбина кешегі аспалы әдемі сумкасын тағы да алып келе жатқанын көрдім. Сол сәттен бастап оның танымдық қызығушылығын анықтау мақсатында танымдық оқиға жазуды ұйғардым. Екеуіміз амандасып көңіл- күй сұрасқаннан кейін оны әңгімеге тартып ашық сұрақтар қойдым.
-Альбина сумкаң әдемі екен- дедім
-Ия өзімеде қатты ұнайды- деді ол.
-Бұл сумканы кім сыйлады?- деп сұрадым
-Анашым- деді ол мақтанышын жасыра алмай.
Ішінде жып-жылтыр айна, тарақ, түрлі-түсті рәзеңкелер, шаш қыстыратын сан алуан ұсақ қыстырғыштар бар екен.
— Бұл заттар не үшін керек?
— Айнаға қарап шаш тарау үшін- деді Альбина.
-Дұрыс айтасың қыз бала ұқыпты, таза, әдемі болып жүру керек- дедім мен.
-Шаш әрлейтін адамды кім дейміз?- деген сұрағыма бөгелмей бірден жауап берді
-Апай ол шаштараз ғой- деді де әңгімесін әрі қарай жалғастырды.
-Мен де өскенде шаштараз боламын.
-Апай шаштараз болу жақсы ма?- деп сұрады Альбина.
-Әрине жақсы, өйткені олар аналарымызға, қыздарға сұлулық пен әсемділік сыйлайды. Ол жақсы қасиет деп басынан сипадым.
— Есесіне рақметіне бөленеді- дедім мен.
Күннің екінші жартысы да келді. Балалар біртіндеп ұйқыдан тұрып жатқан кезі еді
-Қыздар, Альбинаның жап-жаңа әдемі тарағы бар екен!
— Кімнің шашын тарап берсін?- дегенім сол-ақ екен.
-Менікін- менікін деп қыздар шулай жөнелді. Ендеше шашы ұзындау қыздың шашын әрлеп берсін деген ұсыныс айтып едім.
-Апай Самираның шашын әрлеп берейінші деп оны қолынан жетектеп топтағы айнаның алдына отырғызды. Көздері қуаныштан нұрланып кішкентай, нәзік қолдарымен шаш тарауға кірісті. Өзі сондай епті екен.Самираның шашын тарап жатып оны да әңгімеге тартып қандай түсті рәзеңке тағатынын сұрап қояды. Шашының жұмсақ әрі хош иісті екенін айтты. Өзінің ақ- жарқын мінезімен «клиентін» баурап алды.
-Жарайсың Альбина! Сенің қолыңнан шаштараз болу келеді екен- деп басынан сипадым. Үйге барған соң қуыршағыңның да шашын әрлеп бақшаға алып келсең болады деп ұсындым. Анасына қызының қызығушылығы жайлы айтып қолдау ретінде шаштараз құралдары бар ойыншық қобдишасын сыйлауды өтіндім.
Танымдық оқиға Альбина туралы көптеген міліметтер алуға, оның мүмкіндіктерін білуге ықпал етті. Өзінің қызығушылығын жүзеге асырып, қуанышқа бөленді. Өзінің ойын айтып, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсіп тілдік дағдысы дамыды. Ұқыптылық , тазалық гигиенасы қалыптасқанын көрсетті. Өз қолымен құрбысының шашына «Шаш үлгісін» жасап үйренді. «Шаш үлгісін» жасауға деген ынтасы өте зор болып фантазиясы дамыды. Альбинаның басқа балалармен тез тіл табысатынын аңғардым. Ептілігін көрдім. Жүргізілген жұмыс баланың дамуына оң ықпалын тигізді. Бала өздігінен құрбыларының шаштарын тарап , әрлей алады.Ата-анасымен Альбинаның қызығушылығы жайлы әңгімелесіп, оны әрі қарай да қолдауды ұсындым, басқа да қызығушылықтарын анықтау мақсатында бірлесіп жұмыс жүргіземін.

 

Алматы облысы
Сарқан ауданы
Екіаша ауылы
МКҚК «Балдәурен» бөбекжай бақшасы
Тәрбиеші
Тертюбаева Маржан Танатаровна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *