⚜️»СЫРДЫҢ САҢЛАҚ САХИТЖАНЫ»⚜️
байқауының ережесі

⚜️»СЫРДЫҢ САҢЛАҚ САХИТЖАНЫ»⚜️
байқауының ережесі

Мақсаты: Жас та болса өзінің өткір тілімен, батылдығымен ұшқыр ойлы журналист екенін көрсете білген, сол кездегі облыс әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының жетекшісі қызметтерін абыроймен атқарған Сахитжан Бермағанбетовті еске алу, оның жалынды еңбек жолын жасөспірімдерге өнеге ету, үздік шығармаларды жинаққа енгізе отырып жасөспірімдер мен балалардың шығармашылық қабілетіне қолдау көрсету.

?І. Жалпы ереже

1. Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жанынан Ұйымдастыру комитеті құрылады.
2. Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.
3. Байқауға қатысушылардың шығармашылығын бағалау арнайы мамандардан құрылған қазылар алқасының шешімімен жүзеге асады.

?ІІ. Байқау төмендегі жанрлар бойынша өткізіледі:

1. Қатысушылардың өз шығармашылығынан С.Бермағанбетовке арнау өлеңдері;
2. С.Бермағанбетов туралы эссе жазу;

?ІІІ. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар

Байқауға қатысушылардың материалдары 2021 жылдың 10-30 наурыз аралығында bektibai.b@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
3. Байқауға 13 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алады.
4. С.Бермағанбетовке арнау өлеңдері кезеңі бойынша
қатысушыларға қойылатын талаптар:
өлеңде тақырыптың ашылуы;
13-15 жас аралығындағы қатысушылар үшін өлеңнің 4 шумақтан кем болмауы;
16-17 жас аралығындағы қатысушыларға 6 шумақтан кем болмауы шарт.

5. «Сырдың саңлақ Сахитжаны» С.Бермағанбетов туралы эссе жазу кезеңі бойынша 13-15 жас аралығындағы қатысушыларға А4 форматта 14- шрифтпен бір беттен кем болмауы, 16-17 жас аралығындағы қатысушыларға А 4 форматта 14- шрифтпен 3 беттен кем болмауы шарт.
6. Байқауға ұсынылған эссе жұмысын бағалауда тақырыптың ашылуы, тілі және стилінің ұғынықтылығы, жазу және тыныс белгісінің сауаттылығы есепке алынады.
7. Байқауға қатысушылар туралы өтініш bektibai.b@mail.ru электрондық почтасына қабылданады.

?Өтінішке қосымша автор туралы мағұлматтар (туған жері, күні, айы, жылы;

— оқу орнының атауы сыныбы немесе курс пен оқу тобы, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті мен жетекшісінің аты-жөні) кестеге толтырылып жіберілуі тиіс.

8. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

?V. Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі

1) 2021 жылғы 10 наурыздан 30 наурызға дейін байқауға қатысушылардан өтініш пен жұмыстарын қабылдау жүргізіледі.
2) 2021 жылғы 1 сәуірден 15 сәуірге дейін жұмыстарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;
3) Жеңімпаздарды марапаттау

❗️❗️❗️Ескерту: Байқауға қатысушы туралы мәліметтер толық жіберілмеген жағдайда жұмыстар қабылданбайды.

?Байланыс нөмірі: 8-776-092-07-15

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *