СӨЙЛЕУ

СӨЙЛЕУ – адамдардың материал- дық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан тіл ар- қылы болатын қарым-қатынас ныса- ны. С. қарым-қатынас мақсаты үшін не (жеке жағдайда) өз іс-әрекетін реттеу және бақылау мақсаты үшін (іштей сөйлеу, Эгоцентрлік сөйлеу) хабарламаларды туындату және қа- былдау процестерін қамтиды. Пси- хология үшін, ең алдымен, адамның жоғарғы психикалық функциялары жүйесіндегі орны, оның ойлаумен, санамен, жадпен, эмоциялармен бай- ланысы назар аудартады; бұл орайда, оның тұлғаның және іс-әрекеттің құ- рылымын бейнелейтін ерекшелікте- рі ерекше маңызды. С. іс-әрекеттің тұтас актісі (егер оның іс-әрекеттің, басқа түрлерімен жүзеге аспайтын- дай арнайы мотивациясы болса) не- месе сөйлеушілік емес қарекетке қамтылған сөздік қимылдар түріндегі көрінетін сөйлеу қызметі деп қа- растырылады.

С. карекетінің не сөздік қимылдың құрылымы принципінде кез келген әрекеттің құрылымымен үйлеседі, яғни бағдарлану, жоспарлану (іштей бағдарламалану нысанында), жүзеге асу және бақылану сатыларын қам- тиды. С. әр жолы жаңадан құрала- тын белсенді және динамикалық сөздік стереотиптер тізбегі болып табы- латын реактивті болуы мүмкін. Ішкі себептерден ауызша С. кезінде онда пайдаланылатын тілдік құралдарды ұғынықты іріктеу мен бағамдау өте аз болады, ал жазбаша сөйлеуде жә- не дайындалып ауызша сөйлеуде ол елеулі орын алады. С.-дің түрлері мен нысандары арнайы заңдылықтар бойынша құрылады (мысалы, ауызша сөйлесуде тілдің грамматикалық жү- йесінде едәуір ауытқулар болады, логикалық ойдан да гөрі көркемдік сөз ерекше орын алады). Сөйлеуді С. психологиясы ғана емес, соны- мен қатар психолингвистика, С. фи- зиологиясы, лингвистика, семиотика және басқа ғылымдар да зерттейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *