СӨЗДІК-ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ –ойлау әрекетінің ерекше бір түрі. Сөздік-логикалық ойлауда белгілі ұғым-түсініктер түрлі ой-әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай ой әрекеті заттар мен тікелей сезімдік, таным тәжірибелеріне не- гізделмейді. Ойдың шындығы мен ақиқаттығы ақыл-ой талқысы арқы- лы анықталады. С.-л.о. – ойлау түр- лерінің бірі, ұғымдарды, логикалық құрылмаларды пайдаланатынымен сипатталады. С.-л.о. өз функциясын тілдік құралдар негізінде атқарады және ойлаудың тарихи және онто- генездік дамуының неғұрлым кейін- гі кезеңі болып табылады. Сөздік- логикалық ойлаудың құрылымында жалпылаулардың алуан түрлері өз функцияларын атқарады.