СТИМУЛ (лат. stimilus – мал ай- дайтын үшкір таяқ, піскіш) – 1) ин- дивидтің психикалық күйлерінің динамикасын туындататын (реакция деп белгіленеді) және оған себептің салдарға қатынасындай қатынаста болатын әсер. Физиология мен пси- хологияда «С» ұғымы тітіркеңдіру ұғымына теңдес. Бихевиоризмде стимул мен реакция арасындағы қатынастар механистік тұрғыда ұғынылады: стимулға көбіне орта- ның өзгерістері («сыртқы әсерлер»), ал реакцияларға организмнің қоз- ғалу жауаптары жатқызылады. Шын мәніңде психологиядағы стимул – ниет, оның нәтижелілігі адамның психикасы, көзқарасы, сезімдері, көңіл күйі, мүдделері, талпыныстары арқылы білінеді. С. бірқатар жағдай- ларда түрткіге айнала алатын болса да, түрткімен барабар емес;
2) тітіркендіргіштердің рецепторлар- ға тікелей әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі мүшелерде қоз- дыру тудыратын әсер. Ол қуаты әр- түрлі тітіркенулер тудырады. С. қоз- ғаушы, жандандырушы әсер. Тітір- кендіргіштердің тікелей таным мү- шелеріне (рецепторларға) әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі ағ- заларға қоздыру тудыратын әсер. Оның қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады.