СОЦИОМЕТРИЯ – (лат. societas – қоғам және теtrео – өлшеймін). Шет ел психологиясы шағын топтарды зерттеуде ауырлықтың орталығын топтарда жеке тұлғаның тұлғаара- лық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге ауыстырды. Тұлғааралық қарым-қатынастың эмоциялық-пси- хологиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Топтар мен ұжым- дардағы қарым-қатынас және тұлға- аралық қатынастар бақылау, экспери- мент, әңгіме, анкета, социометрия әдістері арқылы зерттеледі. Белгілі әдістерді қолдану нақты міндеттермен, сонымен қатар зерттеу іске асатын жағдайлармен байланысты.
Қазіргі кезде кеңінен тараған және шет елден енген әдістерінің бірі – социометриялық әдіс немесе социо- метрия әдісі, оны алғаш рет ұсынған З.Фрейдтің шәкірті – Джекоб Море- но (1892-1974). Морено теориясы бойынша, барлық қиыншылықтар, қарама-қайшылықтар, оның ішінде әлеуметтік, микро және макро құ- рылымының сәйкес келмеуіне бай- ланысты. Социометрия – америка социологі және психологі Джекоб Морено ұсынған шағын топтарда тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеудің ерекше әдісі. Қазір социометрия әдісін топ мүшелерінің арасында ұнату және ұнатпауды анықтау үшін кеңінен қолданады. Социометриялық әдістің мәні берлігі бір шарттарға жауап беретін адам- дарға – бірізділік тәртіппен таңдауды іске асыру міндеті қойылған топ мүшелерін саудалаудың нәтижесін зерттеу. Демек, бұл жағдайда әртүрлі социометриялық өлшемдер немесе ақты сұрақтар ұсынылады, оған әр- бір зерттеуші жауап беруі тиіс (мәсе- лен, зерттеуші бірініші кезекте кім- мен бірге жұмыс істеуді, көрші бо- луды, демалуды қалайды, кіммен екінші кезекте, кіммен үшінші кезек- те). Сонымен зерттеу нәтижесінде топтағы «социометриялық жұлдыз- дарды» немесе топтағы ең көп таң- дауға ие болғандарды анықтау.
Бұл әдіс тез арада топтағы адамдар- дың бір-бірімен қатынасын анық- тауға мүмкіншілік береді. Бұл әдісті сынып жетекшілері, тәрбиешілер кеңінен қолданады. Мектеп оқушы- ларына төмендегі сұрақтарға жауап беру сұралады: «Сен кіммен туристік жорықтарға, емтиханға дайындалуға, бір партада отыруға, бір командада ойнауға, тілек білдірер еді?» Әр- бір сұраққа үш таңдау беріледі: нә- тижесінде ұжымның кейбір мүшеле- рі көп таңдауға мәжбүр болады. Ұжымның әрбір мүшесінің орны, рө- лі, мәртебесі, бағыты туралы не- гізделген бағалауға, ұжымішілік топтарды, оның лидерлерін анықтау- ға мүмкіндік, тәріздес сұрақтар со- циометриялы өлшемдер деп атала- ды, топішілік тұлғалардың іс-әре- кеті мен қарым-қатынасының әр- түрлі жақтарын қамтиды. Осындай өлшемдер белгілі бір міндеттерді орындаумен тығыз байланысты (оқу, қоғамдық жүктемелер, демалыс, бір- ге уақыт өткізу және т.б. сияқты).
Таңдау өлшемдерін күшті және әл- сіз деп бөледі. Күшті өлшемдер зерт- теу үшін оның өмірінің ең маңызды және қажетті салаларын қамтиды. Социометриялық таңдау әдісін жүр- гізу экспериментті жүргізушілерден немесе экспериментатордан таңдау өлшемдерін, оның санын зерттеу мақсаттары мен міндеттеріне сай анықтауды талап етеді. Социомет- риялық зерттеулердің жүрісі белгілі дәрежеде экспериментатордың же- ке басына тікелец байланысты, оның топ мүшелерімен қатынас жасай бі- лу ептілігіне, зерттеудің маңызы мен қажеттілігін түсіндіре білуіне бай- ланысты. Психологтар оны жүргізу ісіне бірден кіріспейді, ең алдымен олар топпен танысуға біршама уақыт жібереді. Бұл кезеңді социометрия- лық жаттыға деп атайды. Топ және эксперимент жүргізуше бір-бірінен үйренеді, олардың арасында ынты- мақтастық және бір-бірін өзара тү- сінушілік қарым-қатынас қалып- тасады.