СИПАЙ СЕЗУ ТҮЙСІКТЕРІ. Заттардың теріге үйкелуінің нәтижесін- де олардың тегіс немесе кедір-бұдыр, жұмсақ немесс қатты құрғақ не дым- қыл екенін және т.б. қасиеттерін түйсінуге болады. Заттар теріге сүй- келгенде жүйкелер қозса ғана түйсіну пайда болады, қоздыруға шамасы келмейтін сүйкелу түйсінуді туғыза алмайды. Тері түйсіктерінің адамға тән белгісі бар. Бұл, ең алдымең, адамның тері түйсіктеріне сипаудың елеулі орын алуымен байланысты. Сипау мүшесі – қол. Ол – адамның ең сезгіш мүшесінің бірі. Жас нәрес- телердің айналасындағы дүниені та- нуында сипау үлкен рөл атқарады. Сипау сезімі – мылқауларды оқыту- дың, оларды түрлі мамандыққа ақыл- ой өрісін дамытудың күшті құралы.