СИНЕСТЕЗИЯ (грек, synaisthe- sis – қосарласқан түйсік) – тітіркен- діргіштер сезім мүшелерінің біреуін тітіркендіргеңде оған тән түйсіктер- мен қатар басқа сезім мүшелеріне де тән түйсіктердің пайда болуы. Мысалы, кейбір адамдар бір дыбыс естігеңде бұған қоса әртүрлі дәм мен түстерді де сезінуі мүмкін. Ен- ді басқалары сары түсті заттарды көргенде жылылықты қоса сезінеді де, ал көк, жасыл түсті көргенде – суықты сезінгендей болады. Есту, көру, сипай сезу, иіс, дәм түйсікте- рінде кездесетін бұл құбылыс өмір- де жиі кездеспейді. С. – түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі болып табыла- ды. Мысалы, кейбір адамдарда есту түйсіктерімен қатар көз алдарына көптеген бейнелер пайда болады, бұл патологияға жатады.