СИГНАЛ

СИГНАЛ (лат. signum – белгі). Ана- лизаторлардың т.б. қабылдаушы жүйелердің сипатына қарай: оп- тикалық, акустикалық, тактильдік, электромагниттік, химиялық, био- ритмдік және т.б. сигналдар болады. Бұл айтылғандар психофизиология мен нейропсихологияда, психофизи- када, ииженерлік және жалпы пси- хологияда перцептивтік процестерді зерттеу кезінде, әлеуметтік психоло- гияда коммуникация процестерін зерттеуде кеңінен пайдаланылады.

СИНЕРГЕТИКА (грек. synergia – ынтымақтастық) – күрделі жүйелер- дің бей-берекет күйден реттелген күйге өту процесін зерттейтін және осы жүйе элементтерінің арасында- ғы белгілі бір байланыстарды аша- тын ғылым. Мұндай байланыстар ке- зінде элементтердің жүйе шеңберін- дегі жиынтық әрекеті нәтижелілігі жөнінен элементтердің әрқайсысы- ның әрекеттерінің қарапайым қо- сындысынан асып түседі. Дербес ғылым ретінде XX ғасырдың 70- жылдарының ортасында пайда бол- ды. Педагогика үшін әдіснамалық принциптердің бірі болуға бет алды. Өйткені педагогикалық процесте мақсаткерлік өзара әрекеттестік шең- берінде нақ осы ғылым зерттейтін нәтижелер шығатыны білініп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *