СЕЧЕНОВ ИВАН МИХАЙЛОВИЧ (1829-1905). Әлемдік физиология, психология ғылымдарының тари- хында Сеченовтың орны ерекше. Ол Мәскеу университетінің медицина факультетіне түсіп оның сол кездегі атақты ғалымдар Грановский мен Кудрявцевтардың лекцияларынан молынан сусындауы, сондай-ақ сол кездегі аты шулы орыс дәрігері С.П.Боткинмен танысуы Сеченов- тың ой-өрісін әрмен қарай кеңейтіп, ерекше ықпал етіп, оның ғылыми жұмыспен айналысуына зор түрткі болады.
И.М.Сеченов 1856 жылы универси- тетті бітіргеннен кейін ғылыми жұ- мысқа даярлану үшін шетелге кетеді. Онда жаратылыстану ғылымының алдыңғы қатарлы өкілдерімен кезде- сіп, олардың зерттеу практикасымен танысады. Сол уақыттың өзінде-ақ оның «Алкогольден қатты уланудың организмге әсері» деген еңбегі ғалым жұртшылықтың назарын бірден өзі- не аударады. 1860 жылы ол Ресейге қайтып оралып Медико-хирургия- лық академияның профессоры бо- лып орналасады.
Сеченов бұрын ешкім зерттеуге ба- тылы бармаған миға лаборатория жағдайында зерттеу жүргізді. Ол мы- надай қарапайым тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен жарты шарларын аралық мидың тұсынан тіліп алып тастап, оның аяғын қышқылмен ті- тіркендіріп, оған жауап беретін реф- лекстің қандай жылдамдықпен та- райтынын анықтады. Мидың тілінген жеріне ас тұзының кристалын салған- да рефлекс тежелуге ұшыраған.
Бұл құбылыс рефлекстік реакцияның пайда болуын мидың бөгей алатын- дығын айқын көрсеткен. Сеченовтың ми қабығында қозумен қатар теже- лу процесі қызмет атқарады деген пікірді психиканың табиғатын ғы- лыми тұрғыдан түсіндірген тұңғыш пікір еді. Сеченов өз еңбектерінің бірінде адамның жұмыс істеу қа- білеті мен шаршауына байланысты физиологиялық мәселелерді зерттеп, жұмысшылардың 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу керек деген талабын физиология ғылымы негізінде дә- лелдеді. Орыстың революционер- демократы Н.Г.Чернышевскиймен, оның отбасымен тығыз байланысты болды. Чернышевский өзінің «Не іс- теу керек?» деген романында Кирса- нов пен Вера Павлованың бейнесі арқылы Сеченовпен оның әйелі Бо- кованың іс-әркеттерін суреттейді.
И.П.Сеченов өз өмірінің ең соңғы минуттарына дейін орыс ғылымы- ның озат өкілдері – Тимирязев, аға- йынды Ковалевскийлер, Мечников, Менделеевтермен бірге Ресейдегі реакцияның қара күшіне қарсы, материалистік көзқарастың жеңісі үшін бар күш-қуатын жұмсады.
Оның асқан қарапайымдылығы, та- маша лекторлық қабілеті мен ұстаз- дық өнегесі тек өз замандастарының арасында ғана емес, бүкіл орыс қауымына ерекше әсер етті.
Сеченовтың ғылымдағы дәстүрін академик И.П.Павлов ілгері қарай дамытты. Ол Сеченовтың еңбегін жоғары бағалап, оны «орыс физио- логиясының атасы» деп атады.