СЕНІМ

СЕНІМ – адамның белгілі құбы- лыстармен көзқарастарды, ой түйін- дерді еш күмәнсіз қабылдап, мо- йындауында көрінетін психиканың ерекше күйі. С. – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттілікте- рін қанағаттандыру жүйесі. Адам қажеттіліктерін қанағаттандыру жо- лында дүниетанымын қалыптасты- рып табиғат пен қоғам жөніндегі түсініктерін, өмір тәжірибесіне қолданып отырады. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен кезде ғана ол жоғары нәтижелерге же-те алады. С. – адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылата- тын жағымды, адамның, жігерін арт- тырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа еңбегінің нә- тижесіне, жақын адамдарына сену, т.б.). С. үміттен басталады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туа- ды. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибе- сіне байланысты, сеніммен бекімеген дүниетаным берік болмайды.

Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана тү- седі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиет- тері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шын- дықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бер- мейді. Оны өмір толқыны біресе ан- да, біресе мұнда соқтырады да, мі- нез-құлықты көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады. Қай адамның болса да өзін- ше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек ғылымға негізделген түсінік қана, адамның сенімімен, іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным бола- ды. Мұндай дүниетанымды қалып- тастыру үшін адамға бәрінен бұрын  білім негіздерін меңгеру қажет. Бі- лімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені сапалы білім – дүниетаным мен сенімнің негізі еңбек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *