СЕНСОРЛЫҚ ИЗОЛЯЦИЯ (оқшаулану) – адамның ұзақ уақыттық, толық немесе жартылай сенсорлық әсерлерден айырылуы. Осы тұрғыдан сенсорлық ақпарат алуды шек- теу бойынша жүргізілген экспери- менттік зерттеулердің нәтижелері өте көрнекті болып табылады. Бұл эксперименттерде зерттелушіні ар- найы камераларға орналастырып, толық сенсорлық изоляцияға дейінгі жағдайға жеткізген. Бірнеше сағаттан кейін-ақ зерттелуші мазасыздық кү- йіне жетіп, экспериментті доғаруды сұраған.
Ал ұзақ мерзімдік эксперимент жағ- дайына түскен зерттелушілер, ал- дымен, уақыттық бағдардан, ал одан кейін, тіптен, ойлау қабілетінен айы- рылған. Олар тіпті оңай есептерді шеше алмай, көбісінде ес процесі- нің бұзылысы байқалған. Зерттелу- шілердің 80% жуығында көру гал- люцинациялары пайда болған. Осын- дай эксперименттерге адамдар 2-3 күннен артық шыдамаған. Осы және басқа да мысалдар адамның түйсіну түріндегі қоршаған дүние жөнінде ақпаратты алу қажеттілігінің күшті екендігін көрсетеді.