СЕНСИБИЛИЗАЦИЯ (лат. sensibi- lis – сезімтал, сезгіш) тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке орта- лықтары сезгіштігі артуын көрсете- тін психикалық құбылыс. Адамның барлық стимулдарға сезгіштігі бір- дей емес, тек белгілі бір оқиға неме- се жағдаятқа сезімтал келеді. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен бас- қаларының сезгіштігі артып отыра- ды. Мұны былайша түсінуге бола- ды: әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітір- кендіргіштерді, сезгіштікті арттыра- ды. Мысалы, көзге жеткілікті мөл- шерде түскен жарық оның көру қа- білетін арттырумен қатар, есту түй- сігінің сезімталдылығының артуын- да себепші болады.
Қызыл түс адамның ақ, қара түстер- ді дұрыс ажыратуына көмектеседі. Мысалы, ұшқыштар түнгі ұшуға да- йындық кезінде 20-30 минут қызыл көзілдірік киеді. Егер адаптация құ- былысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуі- нің көрсеткіші болса, ал С.- сезгіштік- тің тек артуын ғана көрсететін құ- былыс. Сезім мүшелерінің біреуі- нің әсерінен басқаларының сезгіш- тігі артып отырады, Әлсіз тітіркен- діргіштер өзімен бірге әсер етіп тұр- ған басқа тітіркендіргіштердің сез- гіштігін арттырады. Психологиялық зерттеулерде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қи- мылдарын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы анықталған. Қара- ма-қарсы процесс – десенсибилизация.