СЕНЗИТИВТІЛІК

СЕНЗИТИВТІЛІК (лат. sensus – се- зім. түйсік) адамның мінезтанулық ерекшелігі; өзіне қатысты оқиғаларға көтеріңкі сезімталдықтан көрінеді, әдетте, барынша алаңдаушылықпен, жаңа жағдаяттардан, адамдардан, әр алуан сындардан және т.б. қорқумен астасады. Сензитивті адамдарға қор- ғаншақтық, ұялшақтық, әсершілдік, өткен немесе алда тұрған оқиғалар- ды ұзақ уақыт ойлап-толғануға бе- йімділік, өзін олқысынып тұрушы- лық сезімі, өзіне көтеріңкі мораль- дық талап қоюшылық және талап- тілегін төмендетуге бой ұрушылық тән. Жас ұлғая келе С. бәсеңдеуі мүмкін, бұған, атап айтқанда, тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу процесінде алаңдататындай жағдаяттарды жай- ғастыра білушіліктің қалыптасуы себепші болады. С. органикалық се- бептермен байланысты (тұқымқуа- лаушылық, мидың зақымдануы және т.б.) болуы да, сондай-ақ тәрбиелен- ген жағдайының ерекшеліктерінен (мысалы, баланың отбасында эмо- циялық кемсітілуі) де болуы мүмкін, шекті көрінісіне жеткен сензитивті- лік психопатияның бір нысаны бо- лып шығады. С. – болып жатқан оқи- ғаларға әсерленгіштікте көрінетін адамдағы ерекшелік. Әдетте сензи- тивтік адамдардың жаңа жағдайлар- дан, сыналулардан, т.с.с. қорқудан тұрады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *