СЕЛҚОСТЫҚ

СЕЛҚОСТЫҚ – адам мінезіндегі ұнамсыз қасиеттердің бірі. Бұл әр нәрсеге немқұрайдылықпен қарай- тын кісілерде жиі кездеседі. Мұның себептері көп. Мұндай жағдай кейде адамдар арасындағы қарым-қатынас салқындап-суынғанда, мәселеге же- те түсіне қоймағанда, оған сенім- сіздік пайда болғанда, жүйке жүйесі шаршағанда тағы осы секілді объек- тивтік, субъективтік себептерден туындап отырады. Берік дүниетаны- мы мен сенімі бар адамда мұндай жағдай кездеспейді.

Сенімі жоқ адамда тұрақты мінез- құлық та болмайды. Мұндайлардың шындықтың ақ-қарасын айыруға, жай-жапсарын дұрыстап түсінуте, өмірден өз орнын таңдай алуына шамасы жете бермейді. Селсоқ адам- ды өмір толқыны біресе анда, біресе мұнда соқтырады да, мінез-құлқын көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады. С – адамдар арасындағы қарым-қаты- нас салқындағанда, түсінбеушілік, сенімсіздік пайда болғанда, жүйкесі шаршағанда және т.б. жағдайларда туындайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *