СЕЗІМ – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туын- дайтын және біртіндеп дамып қа- лыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып оты- ратын, кейде шағын, кейде қүрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққан- нан көзіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып ішек сілесі қатқанша күледі, әрине, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі, сезімдерде мә- нерлі қозғалыстар (мимика, панто- мимика) жөнді байқалмайды, тұрақ- ты терең әсерлі сезім адам психо- логиясындағы басты белгілердің бі- рі, ал эмоция болса мәнерлі қоз- ғалыстарға бай келеді, мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көр- сете алады.
Адамның жоғары сезімдері – иман- дылық, интеллектілік, эстетикалық. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжы- мы елеулі әсер етеді, әсіресе халқы- мыз айтқандай «Сөз сүйектен өте- ді ...» т.б. мәтелдері сезімді тәрбие- леу қажет екеніне дәлел болады. Осы тұрғыдан алғанда, С. ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді. Ал эмоцияға келсек, мұның физиологиялық негізі ретикулярлық формацияның лимби жүйесінің, сондай-ақ, ондағы гипоталамус бө- лігінің (дененің зат алмасуы, тем- пературасын реттестіретін жүйке) орталығымен ұштастырамыз. Мә- селен, осы жүйке қызметінің орта- лықтарына зақым келсе, адам тойға- нын білмейтін, немесе шөлі қанбай- тын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бі- рінен айырмашылығы байқалады. Адамның сезімдері ылғи да қоғам- дық-тарихи сипатта болады. Мәсе- лен, адамның адамгершілік сезімдері (жолдастык, борыш, жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, т.б.) қоғамда- ғы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Меселен, нарық экономикасына көшкенде, жастар- дың сезімдерінде әртүрлі көріністер- ді байқаймыз.
С. – адамның өзіне, өзге адамдар- ға, айналасындағы заттар мен құбы- лыстарға көңіл күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс екендігін білдіре- тін тағы бір ерекшелігі – оның адам көңіл күйіне байланысты әрбір үр- діске белгілі бір түрде рең беріп тұ- ратындығы. С.-нің сан алуан көрі- ністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліттерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. С. мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық, – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі ас- теникалық – әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, ас- теникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әл- сіретеді. Адам сезімінің қайнар бұ- лағы – бізді қоршаған болмыс, объек- тивтік шындық. С. адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттан- дырылмауы салдарынан туындап отырады.