СЕЗІМ САЛАСЫНДАҒЫ ДАРА         АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

СЕЗІМ САЛАСЫНДАҒЫ ДАРА         АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР.

Психикалық эмоциялық жақтарын- дағы айырмашылықтардың адам психологиясын  сипаттау  үшін зор маңызы бар. Адамды толық білу үшін тек оның қалай ойлайтынды- ғын, қалай әрекет ететіндігін ғана бі- лу жеткіліксіз, оның қалай сезетінді- гін де білуіміз керек.

Адамдарды бір-бірінен айыратын оның сезімдеріндегі өзгешеліктер нендей екен?

Сезімнің бағыттылығы. Сезім сала- сындағы ең басты айырмашылық- тар – адам сезімдерінің қандай нәр- сеге бағытталғандығына, осы сезім- дердігі мазмұнына байланысты бола- ды. Лермонтов «Ой» деген өлеңінде былай деп жазды: «Біздің жек көруі- міз де, сүюіміз де кездейсоқ». Егер сезімдер кездейсоқ объектілерге пар- шаланып, кездейсоқ себептерден пайда болса, онда олар адамның шы- ғармашылық жұмысында да, тірші- лік күресінде де мықты қозғаушы күш бола алмайды. Қайта ондай сезімдер адамды өмірінің негізгі міндетін бас- қа жаққа аударып, таңдап алған тура жолынан адастырып жіберетін кедер- гі болуы мүмкін.

Адамның эмоциялық өмірін талдай білу үшін, ең алдымен, оның өмірін- де ең үлкен роль атқаратын сезімдер- дің оның дүниеге көзқарасымен және алдына қойған негізгі мақсаттары- мен қаншалықты байланысты екеніп ұғыну керек. Оның бір нәрсені жақ- сы көруі жек көруі, рухтануы, қуа- нуы, қамығуы кездейсоқ па, жоқ принципиальды ма, соны білу қажет. Оның сезімдері жеке басының ба- ғытталуын көрсететін сенімінен туа ма немесе олар осы минуттағы әсер- лерден туа ма, осыларды жақсы ұғы- ну керек.

Мәселен, өшпенділік сезімі бағыт- талған нәрсесіне қарай жоғары не- месе төмен болуы мүмкін. Отан жауларына деген өшпенділік – адамды ерлікке рухтандыратын және батыр- лықты тудыратын ең жоғарғы се- зімі. Жарыста өзінен озып кеткен адамды жек көріп, оны күндеу сезі- мі – бұл ұсақтық, төмен сезімдер өсек туғызады, жаман қылықтар іс- теуге бастайды.

Сезімнің тереңдігі. Адамның эмо- циялық өмірін сыпаттауда оның се- зімдерінің тереңдігі зор орын ала- ды. Терең сезім деп әр адамның тір- шілігінің ең маңызды жақтарын қоз- ғайтын сезімді айтады; ол адамның ойы, талаптары, тілектерімен жан- жақты байланысты болып, барлық рухани тұрмысына әсерін тигізеді.

Тез өтетін және сыртқы көрінуі ашық күшті сезімдердің, барлығы бірдей терең сезім бола бермейді. Әуестену күшті сезім болғанымен, терең се- зім емес. Шын сүйіспеншіліктің әуестенуден өзгешелігі – ең алдымен оның тереңдігінде. Аффектілердің барлығы күшті сезімдерге жатады, бірақ олардың көпшілігі тіпті терең болмайды. Ызаның қызу сыртқа шы- ғуы күшті және тайыз сезім болады. Адамның сенімінен туатын және оның өмірлік күресінің жолын айқындай- тын принципиальды жек көру терең сезім болады.

Сезімнің тереңдігі көңіл күйдің қы- зу, тез болуымен, ондай көңіл күйінің сыртқа тез шығуымен қажетті түрде байланысты емес «Сабырлылық бой- да жасырын жатқан ұлы қуаттың белгісі; сезімнің, ойлардың толық жә- не терең болуы ұстамсыз қылықтар- ды болдырмайды» (Лермонтов, «Біз- дің заманның геройы»).

Адамның эмоциялық өмірінің бай- лығы мен мазмұндылығы, оның се- зімінің күшінен гөрі тереңділігіне байланысты. Адамдармен де және іспен де қатты әуестенетін адамдар болады. Бірақ қандайлық та әуестену болмасын тек терең сүйіспеншІлікке айналғанда ғана оның терең өмірлік маңызы болады. Тек құмарлыққа ға- на салынып, сүйіспеншілік қолынан келмейтін адамдар үстірт, қуыс кеуде болып қала береді.

Сезімнің тұрақтылығы. Сезімнің те- реңдігі оның тұрақтылығымен өте тығыз байланысты; сезім терең болса, тұрақты және берік те болады. Ал тайыз сезім күшті сезім болған күнде де, аз уақыттық, өткініш сезім болады.

Сезімнің тұрақсыздығы бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі болуы мүмкін. Біреулерде сезімнің тұрақсыз бо- луы көңілі тез құбылып өзгеру фор- маларында көрінеді. Мұндай адам- ның сезімі барлық нәрсеге тез әсер- ленеді, бірақ олар терең болмаған- дықтан, басқа сезімдерге, тіпті қа- рама-қарсы сезімдерге де, тез ауы- сып отырады. Мұндай адамдар бо- лымсыз қатерден сескенеді, бірақ оларды бір жақсылық хабар айтып тыныштандыруға да болады; сонда қайтадан қамсыз, бейқам қалпына келеді. Ондай адамдар қайғыны өте уайымдағыш болғанымен, қызықты бір нәрсеге алданып, қайғысын тез ұмытып кетеді. Бұлардың көңілі кез келген әсерден құбылып, алмасып отырады.

Басқа бір жағдайларда ссзімнің тұ- рақсыздығы – эмоциялық шапшаң мұқалу формасында болады. Сезім- нің көп түрі осы сезімдерді тудыра- тын әсердің жиі қайталауы себепті әлсіреп, ең ақырында өшетін болады. Бірақ өзін тудырған әсерге әдеттеніп алған сол сезімнің, барлығы да әл- сізденеді деу мүлдем қателескендік болар еді. Адамның жеке басына те- рең әсер ететін, оның әралуан мүд- десіне байланысты сезімдер қай- талағанда әлсіремейді. Мұндай се- зімдер ешуақытта мұқалмайды. Егер адам бір істі шын көңілімен сүйетін болса, ол іске адам шын көңілімен сенсе, онда ол іспен адам әрдайым шұғылданып отырған күнде де одан зерікпейді, қайта бұрынғыдан да сү- йе түседі. Жақсы музыка тыңдағанда туған сүйсіну қайта тыңдағанда кү- шейе береді. Көркем әдебиетті сүйе- тін және оны түсінетін адам оқы- ған таңдамалы шығармаларын қай- талап оқи береді, оған қарап оның қызғылықты жойылмайды, шығар- маның әсері де кемімейді.

Ықыласы тайыз, тұрлаусыз адам өмірден тек күлкі-думан іздеп те қажиды, барлығынан тез суынады, өйткені оның қандайлық сезімі бол- са да жай ғана, үстірт болады. Бұл сықылды адамдарда эмоциялық сезімдердің, мұқалғыштығы, жасып кетуі қатты күшейеді, мұның нәти- жесі зерігу болады. Бұл категория- дағы адамдарға, мәселен, Онегин мен Печорин жатады. Печорин өзі- нің тез жасуын өмірдегі ең бақыт- сыздық нәрсе деп мойындайды. «Ма- ған бәрі аз, мен қызық тәрізді уайым- қайғыға да тез көндігіп кетем, күн санап кұрып барамын».

Сезімнің әсерлілігі. Сезімнің адам- ды іскерлікке жұмылдыратын, ұм- тылатын сыпаты ете күшті. Бұл жа- ғынан адамның эмоциялық күйлері сан алуан болуы мүмкін. Кейбір адамдарда сезім әсері қозғау беретін зор қуат болса, басқа біреулердің мінез-құлқынан оның әсері жоққа тән болады. Бұл соңғы категорияда- ғы адамдар бір сезімге қатты берілуі мүмкін, бірақ іс, қылығына сезімі әсер етпейді. Сезімдерінің іскерлік мәніне қарап адамдардың арасын- дағы көп айырманы көруімізге бола- ды, өйткені сезім адамның мінез- құлқы үшін қозғаушы күш болады.

Әсерлік мәні орасан күшті, берік жә- не терең сезім адамның ойын тура- лап, барлық ісіне белгілі бір бағыт береді, оның әрекетіне белгілі әсерін тигізеді. Сезімнің осы сыпатын – құ- марлық деп атаймыз. Құмарлық адам- ның бойын билейді, сондықтан оны зор күш деп бағалаймыз. Отанын, өзінің халқын сүю, ғылым мен көр- кем өнерді сүю – адамды ерлік істер- ге құмарттырады, ұлы шығармалар жасауға жол ашады. Бірақ ұсақ, мар- дымсыз, адамшылыққа жатпайтын нәрселерге, лайықсыз іске әуестік адамның кісілігін жоюы мүмкін. Осындай, адамды жаман әдетке бас- тап, нәпсіге құл етіп жіберетін құ- марлықтың сипаттарын Пушкиннің көп шығармаларынан «Қарғаның мәткесінен» (Байлықка құмарлану),

«Сараң серіден» (сараңдық), «Моцарт пен Сальериден» (құмарлыққа ай- налған күншілдік) кездестіруге бо- лады.

«Құмартып сүю», «Құмартып жек көрушілік», «Іске құмарлық» деген сөздер – сезімнің әсерінің өте те- реңдігін, тұрақтылығын сипаттайтын сөздер.

Сезімнің әсерлігі жөнінен бір-бі- ріне қарама-қарсы бір жағынан сен- тименталдық адамдар, екінші жағы- нан, құмарлы адамдар болады. Бі- ріншілер, өз сезімдеріне өздері сүйсініп, содан ләззат алатындар, оны іске асыру жағын аз ойлайтындар; екіншілері, сезімдерін көп білдірмей- ді, бірақ өмірі соның соңында бола- ды, оларды іске асыруға тырысады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *