СЕЗІМДІЛІК

СЕЗІМДІЛІК – адамның айқын білінген заттық сипаты бар және бір- шама орнықтылығымен ерекшеле- нетін эмоциялық күйіну-сүйінулері- нің айрықша түрі. Қалыптасқан нақ- ты жағдайлардағы заттардың субъек- тивтік маңызын бейнелейтін жағ- даяттық эмоциялар мен аффектілерден өзгеше, сезімдер тұрақты мо- тивациялық маңызы бар құбылыс- тарды саралайды. Тұлғаға оның қажетсінулеріне сай келетін заттарды ашып және оларды қанағаттандыру жөніндегі қарекетке ынталандырып, сезімдер бұл қажетсінулердің бо- луының нақты – субъективтік ныса- ны болып табылады. С.-дің қалылта- суы – адамның тұлға болып дамуы- ның қажетті шарты.

Мінез-құлқының түрткі-себептерін, мұраттарын, нормаларын білудің бір өзі адамның оларды басшылыққа алу үшін жеткіліксіз. Орнықты сезімдер заты болғаннан кейін ғана бұл білім- дер қарекетке нақты түрткі болады. Адам сезімдерінің қоғамдық шарты қоғамның дамуы барысында өзгеріп отырады. Онтогенезде сезімдер жағ- даяттық эмоциялардан гөрі кейін пайда болады; олар отбасының, мек- тептің, өнердің және өзге қоғамдық институттардың тәрбиелік әсерінің ықпалымен индивидтік сананың да- муына орай қалыптасады. Эмоциялық тәжірибені қорыту нәтижесі ретінде пайда болып қалыптасқан сезімдер адамның эмоциялық саласының же- текші түзілімдеріне айналады да, өз кезегінде жағдаяттық эмоциялардың динамикасы мен мазмұнын анықтай бастайды. Мысалы, жақын адамына деген сүйіспеншілік сезімінен жағ- дайға байланысты ол үшін алаңдау, айырылып қалса қайғыру, жүздескен- де қуану, сүйген адамы сенімді ақ- тамаса ыза болғанда дамуы мүмкін. Мұндай жағдаяттық эмоциялар қа- лыптасқан жағдайларға қатысты се- зімнің мазмұнын нақтылайды да, белгілі бір әрекетке ынталандырып, сезімнен өрбіген қарекеттің дамуына септеседі. Кейде сезімдер мен оларға ілеспе эмоциялар олардың объектілеріне қайшылықты қатынас тудыруы мүмкін.

Тұлғаның қалыптасу процесіне се- зімдер иерархиялық жүйеде ұйым- дасады; онда бір сезімдер жетекші орында, басқалары әлеуеттегі, жүзеге аспайтын беталыстар болып қала берсді. Үстем сезімдердің мазмұны тұлғаның бағыттылығының ең ма- ңызды сипаттамаларының бірін анықтайды. Сезімдерді топтастыру- дың ең көп тараған бір түрінде олардың жекелеген түрлері өздері көретін қарекет салалары бойынша сараланған. Адамның әлеуметтік болмысқа эмоциялық қатынасының бүкіл байлығы қамтылған биік се- зімдер айрықша топ құрайды. Адам- гершілік сезімдер саласына адам- ның әлеуметтік мекемелерге, мем- лекетке, басқа адамдарға, өзіне-өзі- нің көзқарасын айқындайтынның бәрі жатады. Танымдық қарекет адамда танымдық немесе ақыл-ой- лық сезімдерін туғызады. Олардың пәні білім алу процесінің өзі, сондай- ақ оның нәтижесі болады; ақыл-ой сезімдерінің шыңы адамның ақиқат- қа деген жалпылама сүйіспеншілік сезімі болып шығады. Биік сезім- дердің арасында қарекетпен байла- нысты: еңбекпен, оқумен, спортпен байланысты практикалық сезімдер маңызды орын алады. Пәндік маз- мұнның жалпыламалық дәрежесі бойынша сезімдер нақты (мысалы, балаға, өнер туындысына қатысты сезімдер), жалпылама (жалпы алғанда балаларға, музыкаға деген сезімдер) және абстрактілі (әділеттік сезімі) болып бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *